ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ

Академиялық ұтқырлық мәселелері бойынша дөңгелек үстел

Бүгін педагогика факультетінің студенттеріне арналған сабақтар онлайн режимде дөңгелек үстел форматында өтті. Спикер ретінде академиялық ұтқырлық бағдарламасының лекторы - педагогика ғылымдарының докторы, профессор Байбаева М.К. сөз сөйледі. Низами атындағы Ташкент мемлекеттік педагогикалық университетінің тарихымен және қазіргі заманымен танысу арқылы, профессор өзінің университетінде академиялық ұтқырлық шарттарымен студенттерді таныстырды. Әңгімелесу барысында студенттерді университет пен жатақхананы оқу және техникалық жарақтандыру, жоғары оқу орнынан кейінгі оқыту, басқа елдерден студенттердің саның, Ташкентке жақын қалалардың мәдени және тарихи орындарына бару мүмкіндігі және т.б. мәселелермен қызықтырды. Студенттердің академиялық ұтқырлыққа деген қызығушылығын педагогика факультетінің деканы С.А. Муликова да қолдады. Мұндай кездесулердің басты мақсаты - студенттердің оқу кезеңінде өздерінің жеке оқу жолдарын құруға көмектесетін құрал.