ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ

"Іскерліктер мен дағдылар" әлеуметтік жобалар байқауы

2022 жылғы сәуір айында университетішілік "Іскерліктер мен дағдылар" әлеуметтік жобалар байқауының жеңімпаздары университет басшылығының қолдауымен Алматы қаласындағы Сүлейман Демирель университетінде болып қайтты.

"KitapFest" жобасының жеңімпаздары (IT-11 тобының студенттері) аталған университеттің кітапхана аймақтарын жайластырудың үздік тәжірибелерімен танысу және Ғылыми кітапхананың жұмысына озық технологияларды енгізу мақсатында Сүлейман Демирель университетінің кітапханасымен танысып, тәжірибе жинақтап келді.

"KitapFest" жобасының жеңімпаздары университет басшылығына алғысын білдіре отырып, университетіміздің Ғылыми кітапханасына озық технологияларды енгізуге белсенді ат салысатындарын жеткізді.