ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ

ПРЕЗЕНТАЦИЯЛАР КОНКУРСЫ

2023 жылғы 13 қарашадан 2023 жылғы 23 желтоқсанға дейін академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің саясаттану және әлеуметтану кафедрасы мен «PARASAT» саясаттанушылар және әлеуметтанушылар клубының ұйымдастыруымен бірлесіп, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай өткізілетін «Жаңғыртудың қазақстандық моделі: әлеуметтік-саяси контекст» мектеп оқушылары (10-11 сыныптар), колледж және ЖОО студенттері арасында презентациялар конкурсы өтеді. Дайындық мәселелері бойынша саясаттану және әлеуметтану кафедрасының оқытушыларымен кеңесуге болады, телефон (87212) 77-03-73.