«Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті» Коммерциялық емес акционерлік қоғамының Директорлар кеңесі 100024, Қарағанды қаласы, Университетская көшесі, 28 мекенжайында орналасқан «Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті» Коммерциялық емес акционерлік қоғамының Басқарма мүшесі, стратегиялық даму жөніндегі проректоры бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.
Қызметтің негізгі мәні жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және қосымша білім беру саласында білім беру қызметтерін ұсыну болып табылады.
Қызметтің мақсаты ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде тұлғаны қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби қалыптастыруға, сондай-ақ ғылыми әлеуетті дамытуға және әзірлемелерді коммерцияландыруға бағытталған сапалы білім алу, оқыту және оқыту үшін қажетті жағдайлар жасау болып табылады.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
- жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында және (немесе) тиісті салалардағы уәкілетті органдарда басшы лауазымдарда жұмыс өтілі кемінде 3 жыл;
- қазақ, орыс және ағылшын тілдерін меңгеру. Ағылшын тілін меңгеру деңгейі шет тілін меңгерудің жалпыеуропалық құзыреттеріне (стандарттарына) сәйкес сертификатпен расталады;
- ғылым кандидаты немесе докторы ғылыми дәрежесінің, философия докторы (PhD) дәрежесінің, бейіні бойынша магистр немесе доктор дәрежесінің болғаны жөн;
- менеджмент саласында біліктілікті арттыру сертификаттарының, оның ішінде жоғары білім және ғылым саласындағы сапа менеджменті және корпоративтік басқару жүйесінің болуы;
- «Болашақ» бағдарламасы шеңберінде оқудан өту үшін ұсынылған оқу орындарының тізіміне кіретін оқу орындарында алған білімінің болғаны жөн.
Негізгі принциптерді білуі керек:
- білім беру және ғылыми-инновациялық қызметті ұйымдастыру;
- отандық және халықаралық рейтингтік жүйелерге қатысу;
- ұйымдастыру менеджменті және әкімшілендіру;
- қаржылық менеджмент және бюджеттік жоспарлау;
- мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарын іске асыру;
Дағдыларға ие болу:
- бизнес-процестерді стратегиялық жоспарлау және цифрландыру;
- фандрайзинг және инвестициялар тарту;
- тиімді коммуникациялар және келіссөздер жүргізу, оның ішінде халықаралық (шетелдік) ұйымдармен ынтымақтастық орнату үшін;
- тәуекелдерді басқару;
Кәсіби құзыреттілікке ие болу:
- стратегиялық және аналитикалық ойлау;
- трансформациялық көшбасшылық;
- өзгерістерді басқару;
- шығармашылық және кешенді міндеттерді шешу;
- өзара тиімді серіктестік құру;
- нәтижеге бағдарлау.
Конкурсқа қатысуға үміткер тұлға мынадай құжаттарды ұсынады:
1) белгіленген нысандағы өтініш;
2) конкурсқа қатысушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3) белгіленген нысанда көлемі 3х4 түрлі-түсті фотосуреті бар конкурсқа қатысушының қызметтік тізімі;
4) салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларын ұсына отырып, білімі туралы құжаттардың және оларға қосымшалардың көшірмелері;
5) жұмыс орны (қолданыстағы немесе соңғы) бойынша кадр қызметі куәландырған еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
6) № 075/у нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіптік-консультациялық қорытынды);
7) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңнамаға сәйкес құжаттар ұсынылған күнге дейін бір жылдан аспайтын мерзімде берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңнамаға сәйкес құжаттар ұсынылған күнге дейін бір жылдан аспайтын мерзімде берілген наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) қылмыстық заңнамаға сәйкес лауазымға орналасуға тыйым салынбағанын растайтын құжат.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік 10 (он) күн ішінде жүргізіледі.
Конкурстың өткізілетін күні мен орны қосымша хабарланатын болады.
Жоғарыда көрсетілген құжаттарды белгіленген мерзімде "Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті" КЕАҚ Корпоративтік хатшысына тапсыру қажет (каб.221. бас ғимарат, Қарағанды қ., Университетская к-сі, 28), телефон: 8 (7212) 31-22-44).