ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ

«Менің арманымдағы Қазақстан» тақырыбында эссе байқауы

Қазақстан Республикасы күніне орай Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі «Менің арманымдағы Қазақстан» тақырыбында эссе байқауын жариялайды.

Байқау жастардың азаматтық сана-сезімін дамытуға, ел тағдырына деген адалдық пен оның болашағына жауапкершілік сезімін оятуға бағытталған.

Конкурсқа қатысуға студенттер, магистранттар және жастар қоғамдық ұйымдары шақырылады.

Эссе байқауына автордың Қазақстанның болашағына және оның болашақты қалыптастыруға қатысуына қатысты көзқарасы мен үмітін көрсететін «Менің арманымдағы Қазақстан» тақырыбында өз бетінше орындаған шығармашылық жұмыстар жіберіледі.

Еркін ойлаңыз! Болашақты үлгі етіңіз!

I. Жалпы ережелер

1.1 Осы шығармашылық эссе байқауы жастардың азаматтық сана-сезімін дамытуға, оның ел тағдырына қатыстылығы мен болашағы үшін жауапкершілік сезімін оятуға бағытталған іс-шара болып табылады.

1.2 Конкурсты өткізу шарттары, жұмыстарды бағалау критерийлері мен тәртібі, конкурс жеңімпаздарын іріктеу және марапаттау жоғары оқу орындары әзірлейтін және бекітетін эссе конкурсын өткізу қағидаларымен айқындалады.

II. Байқауды ұйымдастырушылар

2.1 Конкурсты ұйымдастырушы Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі мен жоғары оқу орындары ұйымдастырады.

III. Мақсаты мен міндеті

3.1 Жастарды отансүйгіштікке, азаматтыққа, Отанға деген адалдық пен сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

3.2 Жастар арасында шығармашылық әлеуетті белсендіру, ұлттық сананы дамыту.

IV. Эссе қатысушылары

Байқауға еліміздің студенттері, магистранттары, жастар қоғамдық қозғалыстары қатысады.

V. Эссе байқауының реті

5.1 Конкурс 2022 жылғы 1 қазан мен 15 қазан аралығында екі кезеңде өткізіледі: біріншісі – ЖОО, екіншісі – республикалық.

.

5.2 Эссе 2022 жылдың 15 қазанына дейін «эссе конкурсы» деген белгімен жоғары оқу орнының электрондық почтасына жіберіледі.

5.3 Бір қатысушыдан, бір эсседен артық жіберуге болмайды.

5.4 Эссе байқауын өткізу үшін ұйымдастыру комитеті құрылады, оның құрамына: ұйымдастыру комитетінің төрағасы және университет ұжымының сарапшылары, қоғамдық және жастар ұйымдарының өкілдері, Қазақстан студенттерінің альянсы кіреді.

5.5 Ұйымдастыру комитетінің міндеттеріне мыналар кіреді:

* эссе конкурсын өткізу тәртібі мен рәсімін әзірлеу;

* қатысушыларды конкурс өткізу туралы хабардар ету;

* байқаудың қазылар алқасының функцияларын жүзеге асыру;

* конкурс қорытындылары бойынша хаттама дайындау;

* конкурс нәтижесі бойынша қорытынды шығару;

* конкурс жеңімпаздарын марапаттау

.

VI. Эссеге қойылатын талаптар

6.1 конкурсқа ұсынылған эсселер мазмұны мен ресімделуі келесі талаптарға сәйкес болуы тиіс:

- байқау тақырыбына сай болу:

- автордың жеке ұстанымын, өзіндік идеяларын және эссе тақырыбын ашудың өзгешелігін көрсете білу;

- автордың өз пікірін негіздеу қабілетін көрсету

6.2 эссе рәсімдеуге қойылатын талаптар:

Конкурстық жұмыс қазақ, орыс немесе ағылшын тілдерінде орындалуына рұқсат.

6.3 Жұмыс Word форматында, интервал 1,0, Times New Roman шрифті, 14 пт болуы керек. Жұмыс көлемі 3 парақтан аспауы керек. Дәйексөздерді, басқа да пікірлерді пайдаланған кезде сілтемеде мәлімдеменің қайнар көзі көрсетіледі.

6.4 Эссенің титулдық бетін рәсімдеуге қойылатын талаптар:

o оқу орнының немесе ұйымның толық атауы;

o тақырып;

o автор туралы мәліметтер: тегі, аты, әкесінің аты, курсы, тобы, байланыс телефоны, электрондық почтасы;

6.5 Осы Ереженің талаптарын бұза отырып жасалған эсселерді байқаудың қазылар алқасы қарамауға құқылы.

6.6 2022 жылдың 15 қазанынан кейін түскен эсселер қарастырылмайды.

6.7 Жұмыстарды 15 қазанға дейін zdepartament@inbox.ru почтасына жолдау қажет

VІІ. Сайыстың қорытындысын шығару

7.1 Ұйымдастыру комитетінің мүшелерінен тұратын қазылар алқасы эсселерді сараптап, 2022 жылдың 19 қазанынан кешіктірмей олардың ішінен 3 (үш) үздікті іріктейді.

7.2 3 (үш) эссенің ішінен қазылар алқасы жеңімпаздарды (1, 2, 3 орын) анықтайды, олар бағалы сыйлықтармен және дипломдармен марапатталады.

7.3 Конкурсқа жіберілген эсселерді бағалау кезінде конкурстың қазылар алқасы мүшелері келесі критерийлерді басшылыққа алуы керек:

• эссе мазмұнын ұсынудың анықтығы;

• эссе мазмұнының грамматикалық және стилистикалық дұрыстығы;

• автор сипаттаған Қазақстанның болашағы туралы авторлық көзқарасының дұрыстығы;

• эссе мазмұнының эмоционалды қанықтығы;

• эссе мазмұнының өзіндік ерекшелігі.

7.4 Конкурстың бірінші кезеңіне қатысушыларды марапаттау 2022 жылғы 19 қазанда жоғары оқу орындарының базасында өтеді.

7.5 Ұйымдастыру комитетінің шешімімен ЖОО марапатталғандар қатарынан республикалық кезеңге бір эссе Ғылым және жоғары білім министрлігіне жібереді.

7.6 Конкурстың екінші кезеңіне қатысу үшін ЖОО ұсынған эсселерді (әр университеттен бір эссе) Министрліктің бұйрығымен құрылған комиссия қарайды.

7.7 Комиссияның шешімімен Конкурстың республикалық кезеңінің жеңімпаздары анықталады, олар Министрліктің дипломдарымен марапатталады.

7.8 Конкурстың екінші кезеңіне қатысушыларды марапаттау Астана қаласында өтеді.