ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ

Университет ұжымы ардақты ардагерлерімізді Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтайды.

Бүгін Қарағанды Бөкетов университетінің басшылығы мен кәсіподақ комитеті тыл еңбеккерлерін құттықтап қайтты. Тыл ардагерлеріне ақшалай сыйлықтар мен азық-түлік себеттері табыс етілді.

Университет ұжымы ардақты ардагерлерімізді Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтайды. Қадірлі тыл еңбеккерлерінің Жеңіске қосқан зор үлесін біз әрқашан мақтанышпен айтып жүреміз. Ардагерлеріміздің тылдағы қажырлы еңбегін мақтан тұтамыз. Өмірдің ыстық-суығын көріп, сұрапыл соғыс жылдарында бейбітшілік таңы үшін аянбай еңбек еткен ата-әжелерімізге зор денсаулық, баянды бақыт, отбасыларына амандық тілейміз.