ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ

Қазақстандық суретші

Қазақстандық суретші, педагогика ғылымдарының магистрі, Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің бейнелеу өнері және дизайн кафедрасының аға оқытушысы, Қазақстан суретшілер Одағының мүшесі, ҚР суретшілер академиясының корреспондент мүшесі Мадихан Қалмахановтың картиналары «Денница» Заманауи Бейнелеу өнерінің Төртінші Халықаралық Фестиваліне қатысты. Фестиваль 2024 жылдың 4 мамыры мен 30 маусымы аралығында Германияның Берлин қаласында өтеді. Фестивальдің құрылтайшылары-galerie ART pro DONO(Berlin) және Weinhaus TSINAPARI (Tempus-Berlin GmbH). Фестивальге посткеңестік кеңістік елдерінің (Грузия, Украина, Қазақстан, Ресей, Беларусь және т.б.) және Шығыс Еуропаның (Польша, Чехия, Болгария, Венгрия, Румыния және т. б.) суретшілері қатысуда. Іріктеу кезеңінде қазылар алқасы 50 суретшінің картиналарын таңдаған. Мадихан Сейтмаханұлы ұсынған 7 картинасының 3ін таңдап алды- «Аңшының натюрморты», «Күзгі рапсодия», «Анар дәмі». Фестиваль үш-бес жылда бір рет өткізілетін шара. Суретші және педагог М.С. Қалмахановқа шығармашылық табыс пен шабыт тілейміз!