Білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі Тәуелсіз агенттіктің (IQAA) рейтингінің қорытындысы бойынша Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындары арасында 3-орынды иеленді. Рейтинг әдістемесі келесі көрсеткіштерді қамтиды: академиялық қызмет және жұмысқа орналасу нәтижелері, сараптамалық бағалау, жұмыс берушілердің беделі, студенттерді бағалау және түлектерді бағалау.