Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті Бұқар-Жырау ауданы Ботақара кенті және Қарқаралы ауданының мектептерінде PR және кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізді. Бұқар жырау ауданы Ботақара кенті бойынша 2 мектеп қамтылды. Олар Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы тірек мектебі (РО) КММ және Юрий Гагарин атындағы жалпы білім беретін мектеп. Қарқаралы ауданы бойынша 3 мектеп қамтылды. Олар Қарқаралы қаласының академик Орынбек Жәутіков атындағы №1 ЖББ мектебі», Әлімхан Ермеков атындағы №2 ЖББ мектебі, Қарқаралы қаласының Мәди Бәпиұлы атындағы №44 жалпы білім беретін тірек мектеп (ресурстық орталық) жанындағы интернат» КММ. Сонымен қатар, Мыңжасар Әдекенов атындағы Қарқаралы ауылшаруашылық колледжінің түлектері қатысты.
>