Өзбекстаннан келген оқытушылар мен студенттер археология және этнография музейін аралап, Орталық Қазақстанның ежелгі және орта ғасырлар тарихымен, Сарыарқаның археологиялық ескерткіштерімен, Бөкетов университетінің археолог-ғалымдарының жаңа ашылуларымен танысты. Содан кейін бірінші ағынды аудиториясында екі тараптың өкілдерімен кездесу өтті. Кездесу барысында жоғары оқу орындары арасында академиялық алмасу мәдениетін қалыптастыру, кәсіби байланыстар орнату және студенттердің зерттеу әлеуетін дамыту мәселелері талқыланып, оқу және ғылыми тәжірибелерімен бөлісті.Негізгі бөлімнен кейін Өзбекстаннан келген қонақтар танысу мақсатында 7-ші және 12-ші оқу корпусына барды