ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ

Қарағанды академик Е.А. Бөкетов атындағы университетіне Ярослав Мудрый атындағы Новгород мемлекеттік университетінің ректоры – Юрий Сергеевич Боровиков келді.

2024 жылғы 11 қыркүйекте Қарағанды академик Е.А. Бөкетов атындағы университетіне Ярослав Мудрый атындағы Новгород мемлекеттік университетінің ректоры – Юрий Сергеевич Боровиков келді.

Басқарма төрағасы-ректор Н.О. Дулатбековпен ресми кездесуден соң алдағы жылдарға екі университеттің мақсаттары мен міндеттері айқындалды. Екі тарап археологиялық және білім беру саласындағы бағыттар мен жобаларды талқылады. Новгород университеті ректорының мазмұнды және жемісті сапары стратегиялық даму жөніндегі проректор Е.Ж. Сармурзинмен, ғылыми жұмыс жөніндегі проректор А.К.Зейниденовпен, халықаралық ынтымақтастық басқармасының басшысы М.В. Успановамен бірге академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің Сарыарқа археологиялық институтына және физика-техникалық факультетіне барумен аяқталды.