2023 жылғы 27-28 ақпан аралығында академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті, маркетинг кафедрасы, сондай-ақ цифрлық экономиканы зерттеу институты сіздерді «Маркетинг» білім беру бағдарламасы бойынша ІV Халықаралық қашықтық олимпиадаға қатысуға шақырады.
26 ақпанға дейін қашықтықтан өтетін халықаралық олимпиадаға қатысуға ниет білдірген командалар ұйымдастыру комитетінің электрондық мекенжайына белгіленген қалып бойынша өтінім жіберуі қажет: marketing_ksu@mail.ru. Бір оқу орнынан 2 командадан артық емес өтінім берілуі мүмкін
I тур «Ambient-кампания»: қатысушылар отандық бренд үшін жарнаманың осы түрін жасап, тұжырымдаманы презентация форматында ұсынуы қажет. Презентацияда оның визуализациясы, артықшылықтары, орналастыру әдістерімен ұсынылған «Ambient-кампания» сипаттамасы болуы керек. Жұмыс Астана уақыты бойынша сағат 00:00-ге дейін 2023 жылғы 27 ақпанына дейін ұйымдастыру комитетінің электрондық мекенжайына жіберіледі: marketing_ksu@mail.ru.
II тур «Геймификация» – команда келесі кәсіпорындар үшін геймификация идеяларын ұсынады: азық-түлік супермаркеттер желісі, қаржы институты (банк), сәндік/күтім косметикасының отандық бренді. «Ойын механикасы (гемификация)» идеялары MOV, MPEG пішіміндегі бейне ұсынылуы керек. Астана уақыты бойынша сағат 00:00-ге дейін 2023 жылғы 28 ақпанына дейін ұйымдастыру комитетінің электрондық мекенжайына жіберіледі: marketing_ksu@mail.ru.
Жұмыстарға қойылатын негізгі талаптар қашықтықтан өтетін халықаралық олимпиада туралы ережеде көрсетілген.
Барлық сұрақтар бойынша олимпиаданың ұйымдастыру комитетіне келесі электронды мекенжай бойынша: marketing_ksu@mail.ru немесе келесі телефон номерлері бойынша хабарласуға болады: +77078677878 (Гребенюк Дарья Дмитриевна), +77770711671 (Торжанова Данагуль Асетовна).