2023 жылғы 25-26 мамыр аралығында академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті, маркетинг кафедрасы, сондай-ақ цифрлық экономиканы зерттеу институты сіздерді логистика бойынша ІV Халықаралық қашықтық олимпиадаға қатысуға шақырады.
24 мамырға дейін қашықтықтан өтетін халықаралық олимпиадаға қатысуға ниет білдірген командалар ұйымдастыру комитетінің электрондық мекенжайына белгіленген қалып бойынша өтінім жіберуі қажет: logistics.olympiad@gmail.com. Бір оқу орнынан 2 командадан артық емес өтінім берілуі мүмкін. Олимпиадаға 3 адамнан тұратын командалар қатыса алады.
Бірінші кезең «Эссе» – команданың әрбір мүшесі келесі тақырыптағы эссе жіберу керек: «Болашақ логистикасы», эссе ортақ архивта жалпы команданың атынан Астана уақыты бойынша сағат 00:00-ге дейін 2023 жылғы 25 мамырына дейін ұйымдастыру комитетінің электрондық мекенжайына жіберіледі: logistics.olympiad@gmail.com.
Екінші кезең «Ғылыми жұмыс» – тақырыптардың бірі бойынша презентация дайындау. Презентация келесі бағдарламалардың бірінде дайындалуы керек: Microsoft PowerPoint / Canva / Apple Keynote / Google Slides / Prezi; презентацияның ұзақтығы – 15 слайдтан аспайды; 2023 жылғы 26 мамырға дейін Астана уақыты бойынша сағат 00:00-ге дейін logistics.olympiad@gmail.com электрондық поштасына жіберіледі.
Олимпиада келесі бағыттар бойынша өткізіледі:
Жұмыстарға қойылатын негізгі талаптар қашықтықтан өтетін халықаралық олимпиада туралы ережеде көрсетілген.
Барлық сұрақтар бойынша олимпиаданың ұйымдастыру комитетіне келесі электронды мекенжай бойынша: logistics.olympiad@gmail.com немесе келесі телефон номерлері бойынша хабарласуға болады: +77078677878 (Гребенюк Дарья Дмитриевна), +77770711671 (Торжанова Данагуль Асетовна).