2022 жылдың 1 сәуірі мен 25 сәуірі аралығында академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің математика және ақпараттық технологиялар факультетінің аясында қашықтықтан «ЖОҒАРЫ МАТЕМАТИКА ЖӘНЕ МЕКТЕП» XXVIII аймақтық ғылыми-практикалық конференциясы өткізілді. Конференцияға қатысу мақсатында орта білім беру мекемелерінің 5-11 сынып оқушыларынан қазақ және орыс тілдерінде жазылған 93 ғылыми жоба ұсынылды. Барлық ұсынылған жобалар конференция талаптарына сай тексерістен өтті. Конференция жұмысы төмендегі бағыттар бойынша ұйымдастырылды:
1. Алгебра және сандар теориясы
2. Геометрия
3. Комбинаторика, ықтималдықтар теориясы және математикалық статистика
4. Дискретті математика
5. Талдаулар бастамасы
6. Математика тарихы
7. Қолданбалы математика
8. Информатика
9. Логикалық және қызықты eсептер
Математика және ақпараттық технологиялар факультетінің эксперттік комиссия жұмысының нәтижесі бойынша ең үздік ғылыми жобалар анықталды: