ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ

«Sustainable Tourism Development» ғылыми жұмыстардың V халықаралық қашықтық конкурсының қорытындысы

Жеңімпаздарды құттықтаймыз!

2023 жылы 9 қаңтарда «Sustainable Tourism Development» ғылыми жұмыстардың V халықаралық қашықтық конкурсының қорытындысы шығарылды. Ұйымдастырушылар: «Маркетинг» кафедрасы және Цифрлық экономиканы зерттеу институты. Конкурсқа Қазақстан мен ТМД елдерінен 20 команда қатысты.

Байқауға қатысу үшін командалар 1-турға эссе дайындау, сонымен қатар 2-тур аясында ұсынылған бағыттар бойынша бейнеролик түсіру керек болды. Қатысушылар арасында «Ауыл туризмінің тұрақты дамуының ерекшеліктері: қауымдастықтың әсері», «ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра нысандарын тұрақты дамыту және сақтау», «Заманауи орналастыру орындарының жасыл шешімдері» сияқты тақырыптар ерекше қызығушылық тудырды.

Қорытынды нәтижеге сәйкес «Эссе» бағыты бойынша жүлделер төмендегідей бөлінді:

1 орын:

Ахметова Ж.А., Моисеева Т.А., Абатов М.И. құрамындағы академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің «411» студенттер командасы.

Ғылыми жетекшілер: Торжанова Д.А. – ғ.м., маркетинг кафедрасының аға оқытушысы, Гребенюк Д.Д. – э.ғ.м., маркетинг кафедрасының оқытушысы.

2 орын:

- Аношина Т.В., Будилина М.С., Бирюкова А.Е. құрамындағы Ресей халықтар достастығы университетінің (Ресей Федерациясы) «Best Team Ever» студенттер командасы

Ғылыми жетекші: Калыгина Е.В. – аға оқытушы.

3 орын:

- Аветисян Ш.Л., Антошина А.П., Ли И.А. құрамындағы Санкт-Петербург мемлекеттік университетінің (Ресей Федерациясы) «Туристы-активисты» студенттер командасы.

Ғылыми жетекші: Тестина Я.С. – э.ғ.к., доцент, елтану және халықаралық туризм кафедрасының меңгерушісі.

- Беляева А.В., Козлова О.О., Смирнова А.А. құрамындағы Г.В.Плеханов атындағы РЭУ (Ресей Федерациясы) «БКС» студенттер командасы.

Ғылыми жетекші: Гареев Р.Р. – э.ғ.к., доцент.

- Казгельдинова Б.А. құрамындағы академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің «TourGuide» командасы

Ғылыми жетекшілер: Мамраева Динара Габитовна – э.ғ.к., қауымд. профессор, маркетинг кафедрасының профессоры, маркетинг кафедрасының меңгерушісі; Ташенова Лариса Владимировна - э.ғ.к., қауымд. профессор, Цифрлық экономиканы зерттеу институтының директоры.

Қорытынды нәтижеге сәйкес «Бейнеролик» бағыты бойынша жүлделер төмендегідей бөлінді:

1 орын:

- Ляшова В.И., Аристова М.Н. құрамындағы Экономика, қаржы, құқық және технологиялар мемлекеттік институтының «Звезды путешествий» студенттер командасы.

Ғылыми жетекші: Танина А.В. – э.ғ.к., доцент.

2 орын:

- Обшолова Л.А., Богданова М.И., Сочнева К.С. құрамындағы Н.А.Добролюбов атындағы НМЛУ «The travel frogs» студенттер командасы.

Ғылыми жетекші: Смирнова И.П. – жарнама, қоғаммен байланыс және туризм кафедрасының аға оқытушысы.

- Ерсайын Н., Жакиенова В., Асет Д. құрамындағы академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің «Qazaq Tur» студенттер командасы.

Ғылыми жетекшілер: Төлеуұлы А. - PhD, қауымд. профессор, Джумабаева Ш.Б. – э.ғ.м., аға оқытушы.

- Беленко А.А., Кулакова А.П., Толстых А.А. құрамындағы Кубан мемлекеттік технологиялық университетінің (Ресей Федерациясы) «Экологический Вернисаж» студенттер командасы.

Ғылыми жетекші: Бугаец Н.А. – т.ғ.к., доцент, қоғамдық тамақтандыру және сервис кафедрасының доценті.

3 орын:

- Бреус А.А., Шемякина А.А., Гагарникова А.П. құрамындағы Н.А.Добролюбов атындағы НМЛУ «Кибер-туристы» студенттер командасы.

Ғылыми жетекші: Смирнова И.П. – жарнама, қоғаммен байланыс және туризм кафедрасының аға оқытушысы.

- Бриль В.В., Мазлумян Д.Л., Гележа А.А. құрамындағы Янка Купала атындағы Гродно мемлекеттік университетінің «DziVA» студенттер командасы.

Ғылыми жетекші: Чувак Светлана Викторовна – экономика және басқару магистрі, аға оқытушы.

- Ушканова Д.В., Трусов Д.Д., Соловьева Д.В. құрамындағы Кубан мемлекеттік технологиялық университетінің «Вино&Люди» студенттер командасы.

Ғылыми жетекші: Бугаец Н.А. – т.ғ.к., доцент, қоғамдық тамақтандыру және сервис кафедрасының доценті.

Барлықтарыңызға белсенді қатысқандарыңыз үшін рахмет!

Жеңімпаздарды құттықтаймыз және барлық қатысушыларға сәттілік тілейміз!