ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ

Философия бойынша Республикалық пәндік олимпиаданың қорытындылары

29.04.2022 жылы Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің негізінде әлеуметтік ғылымдар факультетінің философия кафедрасы онлайн-форматта үш тілде (қазақ, орыс және ағылшын) Қазақстан Республикасы Жоғары оқу орындары студенттері арасында «Философия» пәнінен XIV Республикалық пәндік олимпиада ұйымдастырылды

Олимпиадаға 8 команда қатысты: Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Астаналық «Бірлік» командасы, Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінен «Үш анық» командасы, аль-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінен «Жерұйық», сонымен қатар «Болашақ», «Өнеге», «Парасат», «Тұран» және «Ақиқат» командалары қатысты.

Олимпиадаға қатысушылардың жұмыстарын құрамы Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің, П. А. Столыпин атындағы Омск мемлекеттік аграрлық университеті мен Мирзо Ұлықбек атындағы Өзбекстан Ұлттық университеті ғылым докторлары мен кандидаттарынан тұратын халықаралық қазылар алқасы бағалады.

Олимпиада 4 турда өтті. Бірінші турда әр команда өз командасы туралы бейнеролик көрсетті, екінші турда – «Философия» арнасындағы Tims платформасында тапсырмаларды орындады, үшінші турда – баяндама бойынша есеппен сөз сөйледі және қазылар алқасының сұрақтарына жауап берді, төртінші турда – команда капитандары арасында конкурс өтті.

4 турдың тапсырмалары мен нәтижелері, сондай-ақ олимпиаданың қорытындылары Л. Н.Гумилев атындағы ЕҰУ философия кафедрасының Instagram және Фейсбук парақшаларында жарияланды.

Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті философия және психология факультеті философия және мәдениет теориясы кафедрасының аға оқытушысы Анламасова Ырсалды Жиентайқызының жетекшілігімен Ахмет Бекболат, Нұрлыбекова Агжан, Қасымхан Ақбота және Малғаждар Аяулым сияқты студенттерінен тұратын командасы жалпыкомандалық есепте 2 орын алды.

Олимпиада жүлдегерлері мен олардың жетекшілерін құттықтаймыз. Оларға жаңа табыстар тілейміз!