ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ

Business Thinkaton "Buketov Teenactus" бизнес-жобалар байқауының қорытындылары

2022 жылдың 29 сәуірінде Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің экономикалық факультетінде Business Thinkaton "Buketov Teenactus" бизнес-жобалар байқауы өткізілді. Бұл Қарағанды облысы мектептерінің, гимназияларының, лицейлерінің жоғары сынып (10-11 сыныптар) оқушылары арасында бизнес-жобаларды қорғау бойынша ғылыми жарыс.

Қарағанды облысы мектептерінің, гимназияларының, лицейлерінің жоғары сынып (10-11 сыныптар) оқушылары арасында Business Thinkaton "Buketov Teenactus" бизнес-жобалар конкурсын өткізудің мақсаты жастардың кәсіпкерлік бастамасын, көшбасшылық қасиеттерін, әлеуметтік жауапкершілігін және іскерлігін іске асыру үшін жағдай жасау және оқушылардың кәсіби өзін-өзі анықтауына жәрдемдесу болып табылады.

Олимпиадаға 10 сыныптың 12 командасы және 11 сыныптың 8 командасы қатысты.

Қорытынды нәтижелерге сәйкес жүлделі орындар келесідей бөлінді:

10 сынып

1 орын - Доля Любовь (№101 лицей, Қараганды қ.)

2 орын - Хинаят Ләйля ("Көкпекті ЖОББМ", Қарағанды қ.)

2 орын - Хихлова Татьяна, Фатеева Анастасия (№30ЖМ, Қарағанды қ.)

3 орын - Улгасбаев Мирас, Елубаев Жігер, Камалова Жулдыз (Ә. Бокейханова атындағы мектеп-лицей, Қарағанды қ.)

3 орын - Слинько Никита ("Ю.Н. Павлов атындағы ЖББМ" КММ, Қарағанды қ.)

3 орын - Жақсылық Ербол, Темірханова Аяулым, Мусаинова Анель ("№104 мектеп-гимназия" КММ, Қарағанды қ.)

  • Үздік ғылыми жоба – Дробот Игнат ("63 ЖМ" КММ,Қарағанды қ.)
  • Үздік коммерциялық жоба - Кәкен Назерке, Амангелдинова Ақжарқын ("Озат" мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-интернаты КММ, Қарағанды қ.)
  • Үздік өндірістік жоба - Гайниева Фариза ("Жамбыл Ақылбаев атындағы мектеп" КММ, Қарағанды қ.)
  • Үздік экологиялық жоба - Данильченко Екатерина ("№3 Гимназия" КММ, Қарағанды қ.)
  • Үздік әлеуметтік жоба -  Сейтзада Мүхаммед, Қабиден Гулниет (№36 ЖОББМ ЖБМ, Қарағанды қ.)
  • Үздік IT жоба - Туркменбаева Мадина, Бертаева Аянат, Есмағамбетов Нұрсұлтан (ЖББОМ КММ 32, Қарағанды қ.)

11 сынып

1 орын - Карибаев Айдос, Сериков Болат (Н. Нұрмақов атындағы мамандандырылған мектеп-интернаты, Қарағанды қ.)

2 орын - Айтбаева Айдана (Қарқаралы қаласының академик Орымбек Жәутіков атындағы № 1 ЖББМ " КММ ", Қарағанды қ.)

  1. орын - Нұрлыбек Балдырған (Абай атындағы ЖОББМ, Қарағанды қ.)
  • Үздік ғылыми жоба – Орынбаева Шұғыла (М.Жұмабаева атындағы   гимназия, Қарағанды қ.)
  • Үздік коммерциялық жоба – Лисовская Алина (№61 ЖББМ КММ, Қарағанды қ.)
  • Үздік өндірістік жоба – Оралбекова Дара, Артищева Ангелина, Шокаманова Юлия ("Қаныш Сәтпаев атындағы Гимназия" КММ, Қарағанды қ.)
  • Үздік экологиялық жоба – Шатная Анастасия, Вахрушева Ольга, Кибатин Руслан ("№25 ЖББМ" КММ, Қарағанды қ.)
  • Үздік әлеуметтік жоба - Агеев Андрей, Зинченко Светлана, Тарасов Никита ("Гимназия 97" КММ, Қарағанды қ.)

      

Барлық жеңімпаздарға дипломдар, ал жетекшілерге - конкурс өткізу туралы Ережеге сәйкес алғыс хаттар табыс етілді.