ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ

«Туризм» білім беру бағдарламасы бойынша IV Халықаралық қашықтық олимпиаданың нәтижелері

Жеңімпаздарды құттықтаймыз!

2023 жылдың 15 ақпанында «Туризм» білім беру бағдарламасы бойынша  IV Халықаралық қашықтық олимпиаданың нәтижелері шығарылды. Ұйымдастырушылар: «Маркетинг» кафедрасы және академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің цифрлық экономиканы зерттеу институты.   Байқауға Қазақстан және ТМД елдерінен 12 команда қатысты.

Байқауға қатысу үшін командалар 1-ші турға туристік адвент-күнтізбес дайындауы, сонымен қатар 2-ші тур аясында ұсынылған бағыттар бойынша бейнеролик түсіруі қажет болды. Қатысушылар арасында ең танымал бейнеролик тақырыптары: «Гастрономиялық театрлар тамақ және ойын-сауық индустриясының бөлігі ретінде», «Туристік кәсіпорындарға арналған SMM стратегиясы», «Туризмді дамытудың креативті платформалары».

Қорытынды нәтижеге сәйкес «Туристік адвент-күнтізбе» бағыты бойынша жүлделі орындар келесідей бөлінді:

1 орын:

Измайлова О.Х., Тумановская А.Э., Смоленко Д.П. құрамындағы Н.А. Добролюбов атындағы Нижний Новгород мемлекеттік лингвистикалық университетінің (Ресей Федерациясы) «ЮНИС» студенттер командасы.

Ғылыми жетекші: Смирнова И.П. – жарнама, қоғаммен байланыс және туризм кафедрасының аға оқытушысы.

2 орын:

- Желудок Ю.Ю., Войтович У.В. құрамындағы Я. Купала атындағы Гродно мемлекеттік университетінің (Беларусь Республикасы)  «Туристический дуэт» студенттер командасы.

Ғылыми жетекші: Чувак С.В. – экономика және басқару магистрі, аға оқытушы.

- Неуштова К.Д., Гагарникова А.П., Батушева В.Р.құрамындағы Н.А. Добролюбов атындағы Нижний Новгород мемлекеттік лингвистикалық университетінің (Ресей Федерациясы) «Lunn Tour» студенттер командасы.

Ғылыми жетекші: Смирнова И.П. – жарнама, қоғаммен байланыс және туризм кафедрасының аға оқытушысы.

3 орын:

- Казгельдинова Б.А. құрамындағы Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің (Қазақстан Республикасы)  «Tour guide» студенттер командасы..

Ғылыми жетекшілері: Мамраева Динара Габитовна – э.ғ.к., қауымд. профессор, маркетинг кафедрасының профессоры, маркетинг кафедрасының меңгерушісі; Ташенова Лариса Владимировна - э.ғ.к., қауымд. профессор, Цифрлық экономиканы зерттеу институтының директоры.

- Ге В.В., Маканова Я., Жанат А. құрамындағы  Тұран-Астана университетінің «Adventure time» студенттер командасы.

Ғылыми жетекшілері: Атикеева С.Н. – б,ғ.к., доцент, Каражанова М.Х. – аға оқытушы, туризм магистрі.

Қорытынды нәтижеге сәйкес «Бейнеролик» бағыты бойынша жүлделі орындар келесідей бөлінді:

1 орын:

- Белоусов А.Е., Габбасова Т., Соколова С.С. құрамындағы «Тұран» университетінің (Қазақстан Республикасы)  «Turan Team» студенттер командасы

Ғылыми жетекші: Величко А.В. – магистр, сениор-лектор.

2 орын:

- Сидоркевич А.В., Волк А.И. құрамындағы Я. Купала атындағы Гродно мемлекеттік университетінің (Беларусь Республикасы)  «Те еще туристы» студенттер командасы.

Ғылыми жетекші: Боярчук Т.Н. – туризм және мәдени мұра кафедрасының аға оқытушысы.

- Жолдасбек Ә.Е., Жүзбай А.Т., Қозыбақова Ә.Қ. құрамындағы М.С. Нарикбаев атындағы  ҚазГЮУ университетінің (Қазақстан Республикасы) «LAGOM» студенттер командасы.

Ғылыми жетекші: Лукпанова М.Ж. - «Туризм», «Қонақжайлық» білім беру бағдарламаларының жетекшісі

3 орын:

- Токенова А.Б., Заутбек Т.Б., Абдрахман С. құрамындағы UIB университетінің (Қазақстан Республикасы) «Everest» студенттер командасы.

Ғылыми жетекші: Сайдуллаев С.З. – магистр, аға оқытушы

- Жаксалыкова К., Таскаринова Ж., Серік Б. құрамындағы Тұран-Астана университетінің  (Қазақстан Республикасы) «Agents of change» студенттер командасы.

Ғылыми жетекшілері: Галиакбаров Е.Э. – аға оқытушы, магистр.

Барлықтарыңызға белсенді қатысқандарыңыз үшін рахмет!

Жеңімпаздарды құттықтаймыз және барлық қатысушыларға сәттілік тілейміз.!