2022 жылдың 10 маусымында «Маркетинг» кафедрасы және академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің цифрлық экономиканы зерттеу институтының ұйымдастыруымен «Логистика» мамандығы бойынша III Халықаралық қашықтықтан олимпиадасы өткізілді. Биылғы жылы олимпиадаға қатысушылар саны 23 (8 команда) болды, олар отандық жоғары оқу орындарының студенттері мен магистранттары, сондай-ақ ТМД өкілдері.
Тапсырмаларды орындауға қатысушылар креативпен қарады: бірінші турда кроссворд толтыру, екінші тур аясында– «Ғылыми жұмыс», таңдалған бағыт бойынша презентация дайындау ұсынылды, ең танымалдары: «Логистикадағы цифрлық технологиялар», «Жеткізуді роботтандыру», «Логистикадағы цифрлық қосарлылар».
Қатысушылардың жұмыстары өзектілігімен, жаңалығымен және жоғары практикалық маңыздылығымен ерекшеленді.
Командалық нәтижелерге сәйкес жүлделі орындар келесідей бөлінді:
1 орын:
Бирюкова Д.А., Тимофеев А.А., Щеголева П.С. құрамында Ұлы Петрдің СПбПУ (Ресей Федерациясы) «Логисты Петра Великого» студенттер командасы.
Ғылыми жетекші: Темиргалиев Егор Рианович – аға оқытушы.
2 орын:
- Потаповская М.А., Юрцева Е.С., Сидорко Е.О. құрамында Мемлекеттік инфрақұрылым және технологиялар университетінің (Украина) «UAmaritimelogistics» студенттер командасы.
Ғылыми жетекші: Петренко Ольга Ивановна – э.ғ.к, доцент.
2 орын:
- Морозова А.А., Тупицына Е.И., Коробова А.В. құрамында Ұлы Петрдің СПбПУ (Ресей Федерациясы) «Логисты-оптимисты» студенттер командасы.
Ғылыми жетекші: Бармина Елена Юрьевна – э.ғ.к, доцент.
3 орын:
- Сатыбалдинова А.А., Бименде А.С. құрамында академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің (Қазақстан Республикасы) «LogTeam» магистранттар командасы.
Ғылыми жетекшілері: Мамраева Динара Габитовна - э.ғ.к., профессор, Ташенова Лариса Владимировна - э.ғ.к., аға оқытушы.
- Дьяконов Р.С., Романова Е.О, Иванова Ю.С. құрамында «МИТСО» Халықаралық университетінің, Витебск филиалының (Беларусь Республикасы) «СЕССИЯ» студенттер командасы.
Ғылыми жетекші: Замостоцкий Евгений Геннадьевич - доцент.
- Максимовских А.В., Дергалева Ю.А., Чумак П.Н. құрамында УрГУПС (Ресей Федерациясы) «MaaSтера» студенттер командасы.
Ғылыми жетекші: Кочнева Дарья Ивановна–т.ғ.к., доцент.
Барлықтарыңызға белсенді қатысқандарыңыз үшін рақмет!
Жеңімпаздарды құттықтаймыз және барлық қатысушыларға жетістіктер тілейміз!