ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ

Жасанды интеллект - білім беру процесіне

Қосымша білім беру факультеті 2024 жылдың 26-27 тамызында «Студенттерді оқытуды жандандыру үшін жасанды интеллект және нейрондық желілер» тақырыбында семинар ұйымдастырды. Қарағанды университеті оқытушыларына арналған бұл семинар Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің 2024-2025 оқу жылына жасанды интеллектті енгізу бойынша педагог кадрларды даярлау жөніндегі Жол картасының 5-тармағын орындау аясында өткізілді. Математика және ақпараттық технологиялар факультеті оқытушыларды жасанды интеллект пен нейрондық желілердің заманауи әдістері мен технологияларымен таныстыру мақсатында семинар бағдарламасын әзірледі, бұл студенттердің оқу үдерісінің тиімділігін арттыруға және олардың оқуға деген қызығушылығын жоғарылатуға ықпал етеді. Семинарға қатысушылар жасанды интеллектті қолдана отырып, оқытуды жекелендіру, оқу деректерін талдау және нейрондық желілерді пайдалана отырып, оқу бағдарламаларын бейімдеу бойынша практикалық білім мен дағдылар алды. Бұл оқыту әдістемелерін заманауи талаптарға бейімдеуге ықпал етеді деп сенеміз.