Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің студенттердің әлемдік цифрлық кітапханаларға қолжетімділігін қамтамасыз ету тапсырмасын орындау мақсатында тиісті жұмыстар жүрігізуде. Жаппай ашық онлайн-курсын Coursera платформасына орналастыру үшін Course Builder жасанды интеллект құралы қолданылады. Аталған жұмыстардың айқын мысалы ретінде Е.А. Бөкетов университетінде жаппай ашық онлайн-курстарды жазу үшін арнайы жұмыс тобы құрылып, курстардыңың мазмұны, құрылымы, дизайны талқыланып, курсты жазу үрдісі басталды. «Демография және халық статистикасы» жаппай ашық онлайн-курсын Археология, этнология және Отан тарихы кафедрасының қауымдастырылған профессоры Абдрахманова Кымбат Казалиевна, «Деректер қорын басқару жүйесі» курсын Қолданбалы математика және информатика кафедрасының қауымдастырылған профессоры Жумагулова Сауле Комеккызы курстарын Production studio базасында жазу басталды.