Құрметті 1 курс студенттері!
Жаңа оқу жылының басталуына арналған бірінші курс студенттері үшін салтанатты жиын 2024 жылғы 2қыркүйекте сағат 9-00 -да академик Е.А.Бөкетов атындағы университетінің факультеттерінде өтеді.
2024 жылғы 2-3 қыркүйекте Сіз үшін бағдарлау апталығы өтеді.Бағдарлау апталығы кезінде факультеттерде Декандармен және кураторлармен, Тіркеуші кеңсесінің, комплаенс қызметінің, кітапхананың, заң басқармасының, әлеуметтік мәселелер жөніндегі департаменттің, білім алушыларға қызмет көрсету орталығының өкілдерімен кездесулер ұйымдастырылады. Сіздерді оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктерімен, білім беру процесінің құқықтық негіздерімен, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартпен, Академиялық саясатпен, Мемлекеттік қызмет көрсету рәсімдерімен, кітапханада жұмыс істеу шарттарымен және т.б. таныстырады.
Бірінші курс студенттерінің бағдарлау апталығына қатысуы бекітілген кесте бойынша көзделген және міндетті болып табылады.
Өтетін орны-студенттердің мәдениет сарайы.