ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ

Маркетинг бойынша VIII Бүкілресейлік ғылыми олимпиаданың жеңімпаздарын құттықтаймыз!

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының студенттері арасында

6B05101-Биология білім беру бағдарламасы бойынша

Республикалық пәндік олимпиада

2024 жылы 16-17 мамырда өткізіледі

 

Академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті, биология-география факультетінің зоология кафедрасы 2024 жылы 16-17 мамырда 6В05101 – Биология білім беру бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының студенттері арасында Республикалық пәндік олимпиаданың 2 кезеңін өткізеді.

Олимпиаданың мақсаты: болашақ мамандардың ерекше кәсіби қабілеттерін анықтау және дамыту, олардың кәсіби-тұлғалық әлеуетін, өзін-өзі тануын, шығармашылық қабілеттерін ашу, өзін-өзі дамыту, тұлғаның көпжақты дамуы үшін жағдай жасау, талантты жастарды қолдау және елдің ғылыми әлеуетін кеңейту.

 

ЖАЛПЫ АҚПАРАТ

 

Өтетін орны: Олимпиада "Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті" КЕАҚ, Қарағанды қ., Университетская к-сі, 28, №3 оқу корпусы, биология-география факультеті базасында өткізіледі.

Олимпиаданың жұмыс тілдері: қазақ, орыс.

Олимпиадаға қатысу үшін студенттер 2 адамнан тұратын 6В05101 – Биология білім беру бағдарламасының  2-4 курс білім алушыларынан команда құру керек. Командалар саны-бір ЖОО-дан екіден аспайды (бірінші команда – қазақ оқыту тілі, екінші команда – орыс оқыту тілі). 2021-2023 жылдардағы республикалық студенттік пәндік олимпиадалардың жүлдегерлері қатысуға жіберілмейді. Олимпиадаға қатысуға байланысты барлық шығындар (келу, кету, тамақтану, тұру) жіберуші тараптың есебінен жүзеге асырылады.

 

Олимпиадаға қатысу үшін 2024 жылғы 6 мамырға дейін олимпиаданың жауапты тұлғаларына келесі сканерленген құжаттарды жіберу қажет (барлық құжаттардың түпнұсқаларын олимпиаданың ұйымдастыру комитетіне әкелу керек):

1. Қатысуға өтінім (кафедра меңгерушісі және деканның қолы қойылған);

2. Олимпиадаға команда жіберу туралы хат (ректордың (проректордың)қолы қойылған хат);

3.  Олимпиаданың I кезеңінің қорытындысы туралы комиссия хаттамасы.

4. Топ мүшелерінің транскриптері

Өтінімде келесі ақпарат болуы керек:

1.Университет атауы

2. Факультет атауы

3. Команда атауы

4. Команданың ұраны

5.. Команда қатысушыларының құрамы (студенттің аты-жөні, курс, GPA)

6. Команда жетекшісі (аты-жөні, лауазымы, байланыс телефоны, email).

Сонымен қатар, 2024 жылдың 6 мамырына дейін жоба бойынша2 файл жіберу қажет: Microsoft Word форматындағы жеке файлмен баяндама және Microsoft PPT форматындағы презентация.

 

Олимпиаданы өткізу шарттары

1-күн. 16 мамыр 2024 жыл

Тіркелу: 9.00

Әрі қарай:

-олимпиаданың ашылуы,

-1 кезең -  тестирование. (тесты выполняются членами команд отдельно),

-2-кезең - . Команданы ұсыну (әр командаға 5-7 минут ).

-3 кезең. 15.00-16.00. Жоба. "Қазақстан Республикасының табиғатын қорғаудың бір маңызды мәселесін шешу" тақырыбы бойынша жобаны дайындау және қорғау (әрбір команда жобаны 5-8 минут ішінде қорғауы тиіс). Маңызды! Әр команда өз жобасын баяндама түрінде Microsoft Word форматындағы жеке файлмен және Microsoft PPT форматындағы презентациямен 2024 жылдың 6 мамырына дейін ұйымдастыру комитетінің электрондық поштасына жібереді.

-4. кезең. Практикалық тапсырмаларды шешу (биологияның негізгі бөлімдері бойынша практикалық тапсырмаларды топтық орындау).

2 күн. 17 мамыр 2024 жыл

Олимпиаданың жабылуы және жеңімпаздарды марапаттау: 12.00

 

Маңызды! Егер олимпиада кезінде қатысушы көшірген жағдайда, ұялы телефондарды пайдалануда ұсталса немесе басқа да бұзушылықтарға жол берсе, жұмыс жойылады.

Олимпиаданың қорытындысын шығару (орындалған тапсырмаларды тексеру) әр кезең аяқталғаннан кейін жүзеге асырылады. Бағалау критерийлері мен балдарды есептеу тәртібін ұйымдастыру комитеті айқындайды. Олимпиаданың қазылар алқасы орындалған тапсырмаларды тексеруді және бағалауды дербес жүзеге асырады. Қазылар алқасы олимпиада нәтижелері негізінде қатысушыларды марапаттау туралы шешім қабылдайды.

 

 

Құжаттар топтамасын мына электрондық мекенжайға жіберу қажет:

biology.ksu@mail.ru

Барлық сұрақтар бойынша телефон арқылы хабарласуға болады:

8 7212 35 61 52 – биология-география факультетінің деканаты

8 702 779 93 43 – Тыржанова Саягуль Сериковна