АҚПАРАТТЫҚ ХАТ
6В03103 – «Саясаттану» білім беру бағдарламасы бойынша
ХIV Республикалық студенттік пәндік олимпиада
21-22 сәуір 2022 жыл
Академик Е.А. Бөкетов атындағы ҚарУ философия және психология факультеті, саясаттану және әлеуметтану кафедрасы 2022 жылдың 21-22 сәуірінде Қазақстан Республикасы Жоғары оқу орындарының 1-4 курс студенттері арасында 6В03103 – «Саясаттану» білім беру бағдарламасы бойынша ХIV Республикалық пәндік олимпиаданың ІІ кезеңін өткізеді.
Олимпиада ҚР БжҒМ ЖЖКБД 25.02.2022 ж. №14-2/287 хатына және «ҚР Жоғары оқу орындарының студенттері арасында базалық жоғары оқу орындарында РПО ұйымдастыру және өткізу ұсынымдарына» сәйкес өткізіледі.
Олимпиаданың мақсаты: студенттердің оқу-танымдық және оқу-зерттеу қызметін ынталандыру; шығармашылық қабілеттерін ашу, талантты және дарынды студенттерді іріктеу және қолдау; студенттердің зияткерлік әлеуетін қалыптастыруға жәрдемдесу; студенттерді қазіргі заманның ғылыми мәселелерін шешуге тарту.
Олимпиаданың өту орны: Қарағанды қ., Мұқанов к-сі 1, 8 корпус, философия және психология факультеті.
6В03103 – «Саясаттану» білім беру бағдарламасы бойынша Республикалық пәндік олимпиаданы өткізу форматы: 3 турдан тұратын конкурс:
1. Презентация («Біздің бейнеміз»).
2. «Саясаттанушы және қазіргі қоғам» бейнероликтер конкурсы
3. Брейн-ринг форматындағы білгірлер байқауы.
4. Шешендік шеберлік байқауы.
Олимпиаданың жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.
Олимпиадаға қатысу шарттары
ХIV Республикалық студенттік пәндік олимпиаданың II кезеңіне қатысуға 6В03103–«Саясаттану» білім беру бағдарламасы бойынша оқитын, саясаттану бойынша пәндік олимпиаданың ЖОО ішіндегі (бірінші) кезеңінің жеңімпаздары болып табылатын қазақстандық жоғары оқу орындарының студенттері (Республикалық пәндік олимпиаданың II кезеңін ұйымдастыру қағидаларына сәйкес) шақырылады.
ЖОО олимпиадаға қатысу үшін 2-ден артық емес команда жіберуге құқығы бар. Командадағы қатысушылар саны 3 студенттен аспауы тиіс. 2020-2021 оқу жылының олимпиада жүлдегерлері олимпиадаға қатысуға жіберілмейді.
Қатысушыларды келуі және тіркеу – 21 Сәуір 2022 жыл.
Республикалық студенттік пәндік олимпиаданың II кезеңіне қатысуға байланысты барлық шығыстар (келу, кету, тамақтану, тұру) жіберуші тараптың есебінен жүзеге асырылады. Қонақ үйден орынды брондау қажет болған жағдайда, байланыста көрсетілген жауапты тұлғаға хабарлауыңызды сұраймыз.
Байланыс үшін байланыс:
Жұмағұлов Елдос Тәңірбергенұлы - саясаттану және әлеуметтану кафедрасының меңгерушісі, ұялы телефон– 8 701 49 24 297;
Жұмасұлтанова Ғалия Әзірханқызы - саясаттану және әлеуметтану кафедрасының ассистенті, ұялы телефон– 8 701 59 63 744