Құрметті ұстаздар мен мектеп оқушылары!
Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің шетел филологиясы кафедрасы шетел тілдері факультетінің базасында Қарағанды қаласының жалпы білім беретін мектептерінің 11-сынып оқушылары арасында ағылшын тілінен қалалық олимпиада өткізеді. Олимпиада академик Е.А. Бөкетовтың 100 жылдығына арналады.
Олимпиада 2025 жылғы 22 ақпанда сағат 9:00-де академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің шетел тілдері факультетінде өтеді (Мұқанов 1к9).
Олимпиада 2 кезеңнен тұрады:1-кезең – Лексика-грамматикалық тест (Grammar және Reading)2-кезең – Сөйлеу (Speaking)
Өтінімдер 2025 жылғы 20 ақпанға дейін онлайн қабылданады.
Байланыс телефондары:8-7212-77-03-75 – шетел филологиясы кафедрасы
Өтінімдер үшін электрондық пошта: flf_olympiad2025@mail.ru