ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ

Ақпараттық хабарлама

«Бейнелеу өнері»және «Сызу» бойынша

ОҚУШЫЛАРДЫҢ ОБЛЫСТЫҚ ПӘНДІК ОЛИМПИАДАСЫ

Қазақстан Республикасы, Қарағанды қаласы,

15 сәуір2022жыл

Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті педагогикалық факультеттің бейнелеу өнері және дизайн кафедрасы негізіндеЕ.А. Бөкетов атындағы Қарағанды  университетінің 50-жылдығына арналған«Е.А. Бөкетов – Қарағанды университетінің негізін қалаушысы» тақырыбына«Бейнелеу өнері» және «Сызу» пәндері бойынша11 СЫНЫПТАРоқушылары арасында Облыстық олимпиада өткізеді.

Облыстық олимпиада2022 жылдың 15 сәуірінде сағат 10.00-де конкурс түрінде өткізіледі. Оған уақытында олимпиаданың ұйымдастыру комитетіне өтініш берген оқу орындарырың командалары жіберіледі. Олимпиаданың өткізілу тілдері – қазақша, орысша.

I кезең (іріктеу, мектепішілік) орта жалпы білім беру мектептеріндеөткізіледі.

Олимпиаданың II кезеңі(финал) академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті-інің педагогикалық факультетініңБейнелеу өнері және дизайн кафедрасы негізінде өткізіледі.

Олимпиадаға қатысуға Қарағанды қаласы мен облыстың жалпы білім беру мектептері мен көркемсурет мектептерінің, лицейлер, гимназиялар, мектеп-интернаттардыңI кезеңен (іріктеу бөлімі, мектепішілік) өткен 11 сыныптароқушылары шақырылады. Олимпиадаға, оқыту тіліне қарамастан, әр мектептен тек 4оқушы қатыса алады(«Бейнелеу өнері» бойынша2 оқушы, «Сызу»бойынша 2 оқушы). Топ жетекшісінің болуы міндетті.

Әр қатысушы практикалық жұмыстарды орындауға қажеттібарлық құралдар мен материалдарды: қарындаштар, өшіргіш, жапсырғыш шегелер (кнопка), (автордың таңдауына сай)тушь, акварель, гуашь, акрил, майлы бояу, пастель,сызба құралдарын (циркуль, түзу және үшбүрышты сызғыштар, қатты (Н) және орташа қаттылықтағы (НВ) қарындаштар, өшіргіш, ұштағыш т.б.) т.б. өзімен бірге әкелуі қажет.

Олимпиада бір кезеңде өткізіледі.

«БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІ» пәні бойынша:

Әр қатысушы «Е.А. Бөкетов – Қарағанды университетінің негізін қалаушысы» тақырыбына графика немесе кескіндеме техникасындағы өзінің композициясын орындайды. Композицияда химик-ғалымды зертханада жұмыс істеу үстінде, Қару ғимаратының құрылысында жобалармен,сызбалармен, студенттерге сабақ беру кезінде және т. б. бейнелеуге болады. Пішім өлшемі – А2. Материалдар: қағаз, картон, акрил, темпера, гуашь, акварель, пастель, графит қарындаштар, тушь, қаламұш т.б. (қатысушының таңдауы бойынша).

«СЫЗУ» пәні бойынша:

Берілген фронталь тілігі мен үстінен көрінісінің габариттері бойынша заттың сызбасын (үстінен және сол жағынан көрінісімен толықтыру) орындау және алдыңғы ширегі алып тастап, тікбұрышты изометриялық аксонометриялық проекциясын тұрғызу.Қажетті өлшемдерін қою. Пішім өлшемі – А3 (297х420).

Материалдар: сызба құралдары (циркуль, түзу және үшбүрышты сызғыштар, қатты (Н) және орташа қаттылықтағы (НВ) қарындаштар, өшіргіш, ұштағыш т.б.), пішім өлшемі А3 (297х420)ақ қағаз.

Олимпиадаға қатысу үшін мектептің бірінші жетекшісі растаған өтініш (1 қосымша) 2022 жылдың 14сәуірге дейін келесі мекенжай бойынша қабылданады: 100026, Қарағанды қ. Карбышев көшесі 7, педагогикалық факультет, Бейнелеу өнері және дизайн кафедрасы, 11 ғимарат, 205 кабинет; немесе Бейнелеу өнері және дизайн кафедрасының электронды поштасына ksu_dizain@mail.ru жіберілсін.

Көрсетілген мерзімнен кейін жіберілген өтініштер қарастырылмайды.

Телефондар: Бейнелеу өнері және дизайн кафедрасы 8(7212)-35-14-20; 8-701-662-08-99.

Олимпиадаға қатысумен байланысты материалдарды, құралдар-жабдықтар мен шығындарды жіберуші жақ қамтамасыз етеді және төлейді. Олимпиадаға қатысушыларды алып келетін мұғалімдер мен оқытушылардың іссапарлық шығындарынтөлеуді іссапарға жіберуші білім беру мекемелері жүргізеді. Конкурсқа ұсынылған жұмыстар мен оларға ілеспе құжаттар қайтарылмайды.

Олимпиада жеңімпаздар, жүлдегерлері мен қатысушылары дипломдармен марапатталады.

 

ОЛИМПИАДАНЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУ КОМИТЕТІ

 

 

Қосымша 1

 

 

Оқушылардың Облыстық пәндік олимпиадасына

ҚАТЫСУҒА ӨТІНІШ

 

Қаланың, ауданның, елді мекеннің, білім беру мекемесінің толық атауы

__________________________________________________________________________________

__________________________________________________________________________________

__________________________________________________________________________________

 

«БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІ» пәні бойынша оқушылардың Облыстық пәндік олимпиадасына

қатысушының тегі, аты, әкесінің аты (толықтай):

1. ________________________________________________________________________________

2. ________________________________________________________________________________

Команда жетекшісінің тегі, аты, әкесінің аты (толықтай), лауазымы

___________________________________________________________________________________

СЫЗУ» пәні бойынша оқушылардың Облыстық пәндік олимпиадасына

қатысушының тегі, аты, әкесінің аты (толықтай):

1. ________________________________________________________________________________

2. ________________________________________________________________________________

Команда жетекшісінің тегі, аты, әкесінің аты (толықтай), лауазымы

__________________________________________________________________________________

Почта байланысы үшін (пошта индексі көрсетілген ) мекен-жайы  __________________________________________________________________________________

Телефондар (қала коды көрсетілен және мобильдік) _____________________________________

__________________________________________________________________________________

Электрондық мекен-жай, email:_______________________________________________________

Қосымша мәліметтер мен тілектер ____________________________________________________

__________________________________________________________________________________

__________________________________________________________________________________

 

 

Ұйым жетекшісінің қолы  ______________________ Тегі, аты, әкесінің аты

 

МО

 

Тапсырма