ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ

«Мейрамхана ісі және қонақ үй бизнесі» мамандығы бойынша III Халықаралық қашықтық олимпиадасы

 

2022 жылдың 23-24 сәуір аралығында академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің «Маркетинг» кафедрасы және цифрлық экономиканы зерттеу институты «Мейрамхана ісі және қонақ үй бизнесі» мамандығы бойынша  III Халықаралық қашықтықтан олимпиадасына қатысуға шақырады.

 

17 сәуірге дейін Халықаралық қашықтық олимпиадасына қатысуға ниет білдірген командалар ұйымдастыру комитетінің электрондық мекенжайына нысан бойынша (Ереженің 1-қосымшасы) өтінім жіберуі қажет: rdgb_olympics_ksu@mail.ru.  Бір оқу орнынан 2 командадан артық емес өтінім берілуі мүмкін.

 

I тур «Customer Journey Map»: команданың әрбір қатысушысы мейрамхананың өз әсер картасын әзірлейді (таңдау бойынша: тез тамақтанатын мейрамханалар/кофеханалар желісі және т .б.), карталар бірыңғай мұрағатпен (.zip, .rar форматында) 2022 жылдың 23 сәуірі Нұр-сұлтан қ. уақытымен сағат 00:00-ге дейін ұйымдастыру комитетінің электрондық мекен-жайына жіберіледі: rdgb_olympics_ksu@mail.ru.

 

II тур «Бейнеролик»: команда келесі бағыттардың бірі бойынша бейне ұсынады:

  • «Foodtech-тегі инновациялар»;
  • «Smart қонақ үйлер мен мейрамханалар тұжырымдамалары»;
  • «Қонақ үй қызметтерін жылжыту»;
  • «Мейрамхана ісіндегі таргетинг»;
  • «Мейрамхана бизнесінде адалдық бағдарламаларын жасау»;
  • «Тағамдар мен сусындарды жылжытудағы motion-анимация»;
  • «Сандық мәзір-бордтардың мәні»;
  • «Қонақ үйлерде қызмет көрсетуді роботтандыру»;
  • «Мейрамханалардың имидждік іс-шаралары: шет елдердің тәжірибесі және Қазақстан үшін сабақтар»;
  • «Азық-түлік жеткізудің электрондық қызметтерінің экожүйелері»;
  • «Орналастыру объектілерін брондау агрегаторларын маркетингтік талдау»;
  • «Қонақ үй және мейрамхана қызметтерін тұтынушылармен қарым-қатынас трендтері»;
  • «Мейрамханалар мен қонақ үйлерге арналған SMM стратегиясы»;
  • «Ғарыштық қонақ үйлер-жақын болашақ?».

«Бейнеролик» 2022 жылдың 24 сәуірі Нұр-сұлтан қ. уақытымен сағат 00:00-ге дейін ұйымдастыру комитетінің электрондық мекен-жайына жіберіледі: rdgb_olympics_ksu@mail.ru.

 

Жұмысқа қойылатын негізгі талаптар Халықаралық қашықтық олимпиадасы туралы Ережеде көрсетілген.

 

Барлық сұрақтар бойынша олимпиаданың ұйымдастыру комитетіне келесі электронды мекенжай бойынша: rdgb_olympics_ksu@mail.ru және телефондар бойынша хабарласуға болады: +77078677878 (Гребенюк Дарья Дмитриевна), +77081506250 (Искакова Айгерим Тойболовна), +77015120348 (Ташенова Лариса Владимировна).

III Халықаралық қашықтық олимпиадасын өткізу туралы ереже