2022 жылдың 28-29 мамыр аралығында академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің «Маркетинг» кафедрасы және цифрлық экономиканы зерттеу институты Логистика бойынша III Халықаралық қашықтықтан олимпиадасына қатысуға шақырады.
27 сәуірге дейін Халықаралық қашықтық олимпиадасына қатысуға ниет білдірген командалар ұйымдастыру комитетінің электрондық мекенжайына нысан бойынша (Ереженің 1-қосымшасы) өтінім жіберуі қажет: logistics.olympiad@gmail.com. Бір оқу орнынан 2 командадан артық емес өтінім берілуі мүмкін.
I тур «Онлайн-сауалнама және кроссворд шешу»: команданың әрбір қатысушысы қойылған сұрақтарға толық жауап беріп, сілтеме бойынша онлайн режимінде кроссвордты (2022 жылғы 28 мамырға дейін) шешеді:https://docs.google.com/forms/d/1E_Ssvc7lxPcQw8sddrE6DEmYurGRjH0UaapWWuI3TK4/edit
II тур «Ғылыми жұмыс»: команда келесі тақырыптардың біріне презентация ұсынады:
«Ғылыми жұмыс» 2022 жылдың 29 мамырдың Нұр-сұлтан қ. уақытымен сағат 00:00-ге дейін ұйымдастыру комитетінің электронды мекенжайына жіберіледі: logistics.olympiad@gmail.com.
Жұмысқа қойылатын негізгі талаптар Халықаралық қашықтық олимпиадасы туралы Ережеде көрсетілген.
Барлық сұрақтар бойынша олимпиаданың ұйымдастыру комитетіне келесі электронды мекенжай бойынша: logistics.olympiad@gmail.com және телефондар бойынша хабарласуға болады: +77078677878 (Гребенюк Дарья Дмитриевна), +77081506250 (Искакова Айгерим Тойболовна), +77015120348 (Ташенова Лариса Владимировна).