ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ

Түрік әлемі педагогикалық ғылымдарының ІІ Халықаралық Конгрессі Gazi University (GU) Анкара қ., Түркия

Бүгінгі таңда әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған педагогтардың бірлігі мен тұтастығы білім беру саласындағы мемлекеттер арасында әріптестіктің тұрақтылығы мен нығаюының кепілі болып табылады. 2022 жылдың 16-18 қараша аралығында Түркия, Анкара қ. Гази университетінде (Gazi University (GU) түрік әлемінің педагогикалық ғылымдарының ІІ Халықаралық конгрессі өтті. «Педагогика ғылымы» Конгресстің басты тақырыбы ретінде анықталды. Конгресстің жұмысы түрік әлемінің әртүрлі елдерінен келген ғалым-педагогтардың білімдерімен, тәжірибесімен және ғылыми зерттеулерімен бөлісуге, өзара әріптістікті дамытуға және педагогика ғылымдары саласындағы ағымдық зерттеулермен танысу арқылы жалпы жұмыс аумақтарын құруға бағытталған.

Ұйымдастырушылардың шақыруымен Конгресске академик Е.А. Букетов атындағы Қарағанды университетінің профессор-зерттеушісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Абильдина Салтанат Қуатқызы қатысты. Профессор «Білімді цифрландыру шарттарында бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту» ғылыми жобасының тақырыбы бойынша сөз сөйледі, Қазақстан Республикасының жетекші ЖОО – Е.А. Букетов атындағы Қарағанды Университетінің оң тәжірибесімен бөлісті. Сондай-ақ өзара серіктесу туралы шартқа қол қойылды.

Сондай-ақ Конгресс жұмысына Қырғызстан, Өзбекстан, Әзірбайжан, Татарстан, Түркия және өзге елдерден келген делегаттар қатысты. Іс-шара көп жоспарлы, қызықты мәліметтерге толы болды. Мұнда әртүрлі халықтар арасында таныстық орын алды, педагогика ғылымы мен білімі саласындағы тәжірибе алмасты.