ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ

Қазіргі заманғы сын-қатерлер жағдайындағы педагогикалық білім беру сапасы" педагогикалық білім беру жөніндегі ІХ Халықаралық форум

Қазан федералды Университеті  және Академик Е.А.Бөкетов атындағы университеті 2023 жылғы 24 мамырда "Қазіргі заманғы сын-қатерлер жағдайындағы педагогикалық білім беру сапасы" педагогикалық білім беру жөніндегі ІХ Халықаралық форумды (бұдан әрі-Форум) өткізеді.

Форумның ұйымдастырушылары - Қазан (Приволжді) федералды университеті, Ресей білім академиясы және академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті.

Форум жұмысының негізгі бағыты:

·     Педагогикалық білім берудің тәжірибелік-бағдарланған тұғыры: отандық және халықаралық тәжірибелер.

·     Пәндерді оқытудың заманауи әдістемелерінің әлеуеті: Қазақстан және шетелдік тәжірибесі.

·     Педагогтің әдістемелік жұмысындағы белсенді технологиялар кәсіби құзыреттілікті дамыту құралы ретінде.

·     Болашақ педагогтің әдістемелік дайындығының тиімділігі мен сапасы: заманауи әдістері мен механизмдері.

·     Болашақ педагогтердің әдістемелік құзыреттерін дамытудың кешенді консалтинг технологиялары.

·     Педагог мамандығына деген ынтаны арттырудың интерактивті тәжірибелері: білім беру конструкторлары.

·     Болашақ бастауыш мектеп мұғалімінің кәсіби дағдылары мен құзыреттерін дамыту: нәтижелі әдістемелік тәсілдер мен тиімді тәжірибелер.

·     Педагогті оқытудың жобалық технологиясының әдістемелік жүйесі: жобалау моделінен практикалық таратуға дейін.

·     Болашақ педагогтің әдістемелік капиталын дамыту: академиялық тәлімгерлік және табысты білім беру практикасы.

·     Педагогтің кәсіби дайындығының әдістемелік аспектілері: синергетикалық тұғыры.

Форумға қатысуға мектепке дейінгі және орта білім беру, ТжКБ, қосымша, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының педагогикалық және басшы қызметкерлері шақырылады.

Қосымша ақпаратты мына сілтемеден көре аласыз