ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ

ІХ халықаралық Форум

2023 жылдың 24 мамыр күні педагогикалық білім беру бойынша «Қазіргі заманғы сын-қатерлер жағдайындағы педагогикалық білім беру сапасы» атты ІХ халықаралық Форум өтті (ұйымдастырушылар – Қазан федералды университеті, Ресей білім академиясы және академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті). 2-секция «Педагогты оқытудың жобалық технологиясының әдістемелік жүйесі: модельді жобалаудан практикалық іске асыруға дейін» зерттеу тобының модераторы академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің профессор-зерттеушісі, п.ғ.д., профессор С.К.Абильдина болды. АР14870260 «Білім беруді цифрландыру жағдайында бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту» ғылыми жобасы аясында академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің профессоры, п.ғ.д. Ж.Е.Сарсекеева баяндама жасады. Ж.Е.Сәрсекеева форум қатысушыларының назарына зерттелетін проблема бойынша әлемдік тәжірибені талдау нәтижелерін, сондай-ақ бастауыш мектепте білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға бағытталған педагогикалық жағдайлар кешенін ұсынды.