2023 жылдың 22 сәуірінде Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің Химия факультетінің базасында, Қарағанды қаласы, Қарағанды облысының, оған іргелес өңірлердің жалпы білім беретін мектептердің, лицейлердің, гимназиялардың 11 сынып оқушылары арасында Химия пәнінен ашық ХVI олимпиада өтті. Олимпиада екі кезеңді қамтыды. Бірінші теориялық кезең тестілеу түрінде, екінші кезеңде - эксперименттік тапсырмаларды орындады.
Әділ-қазылардың шешімімен олимпиада қорытындысы жарияланды.
1 орын Яцыкив Михаил Алексеевич- КГУ Гимназия имени Казыбека Нуржанова» отдела образования г. Караганды управления образования Карагандинской области;
2 орын Кенжегулова Ақбота Жасуланқызы- КГУ «Школа-лицей имени Ыбырая Алтынсарина» г.Караганда;
2 орын Сапаргалиева Молдир КГУ«Школа-интернат им.М.Русакова» г.Балхаш:
3 орын Идрисова Диля Асылбековна КГУ «Гимназия имени Шакарима» г. Караганды:
3 орын Съезханов Дархан «Жұмабек Тәшенев атындағы ЖББМ» КММ Қарағанды қ.
3 орын Зайцева Александра Юрьевна Комплекс школа – ясли сад имени Бауыржана Момышулы, г.Караганда
Жеңімпаздарды құттықтай отырып, сәттілік тілейміз!