Бүгін Қарағанды Бөкетов университетінің Бірінші кеңейтілген дәрісханасында гранттық қаржыландыру конкурсына өтінім дайындау бойынша семинар өтті. Іс-шараның спикерлері: ғылыми жұмыс жөніндегі проректордың міндетін атқарушы А. К. Зейниденов, ғылым департаментінің директоры С. С. Қасымов, ҰҒК мүшесі Т. М. Серіков, ҰҒК мүшесі С. К. Әбілдина. Семинар басында А. К. Зейниденов Бөкетов университеті бойынша 2024—2026 жылдарға арналған гранттық қаржыландыру конкурсының нәтижелері жайлы жалпы ақпаратты ұсынды С. С. Қасымов 2025-2027 жылдарға арналған ғылыми немесе ғылыми-техникалық жобалар бойынша ҚР ҒЖБМ Ғылым комитеті жариялаған гранттық қаржыландыру конкурсына өтінімді қалай дайындау керектігі туралы айтты. Өтінімдерді берудің соңғы мерзімі — 2024 жылдың 17 қазаны. Спикер сондай-ақ жобаның ғылыми жетекшісі мен зерттеу тобына қойылатын біліктілік талаптарына, ғылыми немесе ғылыми-техникалық жобаларды іске асыру қорытындылары бойынша күтілетін нәтижелерге қойылатын талаптарға қатысты мәселелерге тоқталды. Өз кезегінде С. К. Әбілдина қатысушыларды зерттеу нәтижелерінің ғылыми-техникалық, оның ішінде — ғылыми ұйымдар мен олардың ұжымдарының, ғалымдардың кадрлық әлеуеті мен бәсекеге қабілеттілігіне әсер ету дәрежесі, сондай-ақ зерттеу нәтижелерінің практикалық маңыздылығы, яғни олардың ҚР әлеуметтік-экономикалық және ғылыми-техникалық дамуының өзекті мәселелерін шешу үшін коммерцияландыруға немесе басқа мақсатта пайдалануға дайындығы туралы хабардар етті. Семинардың қорытынды бөлімінде Т. М. Серіков физика-техникалық факультетінің ғалымдар тобының гранттық жобаларға қатысу және алға қойылған міндеттерді одан әрі жүзеге асыру тәжірибесімен бөлісті. Іс-шара еркін форматта өтті. Баяндамашылар семинарға қатысқан педагогикалық ұжымның сұрақтарына жан-жақты жауап берді.