ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ

ГРАНТТЫҚ ЖОБАНЫ ТАЛҚЫЛАУ

Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды зерттеу университетінің конференц-залында «Инновационные подходы обеспечения доступности правосудия населению Республики Казахстан, с использованием инструментов искусственного интеллекта» («Жасанды интеллект құралдарын пайдалана отырып, Қазақстан Республикасының халқына сот төрелігінің қолжетімділігін қамтамасыз етудің инновациялық тәсілдері») гранттық жобасының зерттеу тобы мүшелерінің отырысы өтті. университетінің ректоры Н.О. Дулатбеков зерттеу тобының мүшелері үлкен жұмыс атқарғанын, нәтижесінде 2024-2026 жылдарға арналған ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламалар бойынша бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру конкурсына қатысуға өтінім бәсекелестер арасында ең жоғары балл жинап, барлық іріктеу турларынан өткенін атап өтті. барысында қатысушылар жобаның негізгі аспектілерін және жоспарланған міндеттерді орындамағаны үшін туындайтын жауапкершілікті қарастырды. Сондай-ақ құқық, экономика, информатика және басқа да ғылымдар саласындағы мамандардың күш-жігерін біріктіруге мүмкіндік беретін пәнаралық тәсілдің маңыздылығы атап өтілді.

Сонымен қатар, кездесуде 2024-2026 жылдарға арналған жоспарлар белгіленді. Олардың қатарында халық үшін заңгерлік қызмет алуды жеңілдететін цифрлық платформаны әзірлеу, жоғары рейтингті журналдарда монография мен ғылыми мақалалар жазу, патент алу, шетелдік ғалымдардың қатысуымен халықаралық дайджесттер және т.б. бар. тобының мүшелері жасанды интеллект құралдарын қолдану Қазақстанда сот төрелігі үшін жаңа көкжиектер ашып, оны Қазақстан Республикасының азаматтары үшін неғұрлым қолжетімді әрі тиімді ететініне сенім білдірді.