ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ

САХНАДАҒЫ ГРАЦИЯ

15 қазанда Бөкетов университетінің Студенттер сарайының сахнасында Қазақ ұлттық хореография академиясы студенттерінің қатысуымен Қазақстан Республикасы күніне арналған мерекелік концерт өтті Шара студенттерді, ұстаздар мен қонақтарды біріктірген жарқын мерекеге айналды. Көрермендер классика, балет, заманауи және шығыс биі жанрларын біріктіре алған академия әртістерінің өнерін тамашалады. Бүгінгі таңда Қазақ ұлттық хореография академиясы Қазақстанның хореографиялық өнерінің классикалық және ұлттық мұрасы мен жақын және алыс шетелдің өнері мен мәдениетінің шығармашылық алуан түрлілігін көрсететін халықаралық білім беру хабына айналды. Қойылымда өнер көрсеткен қыздар көл бетінде жүзіп жүрген аққуларға ұқсаса, жігіттерді вальс әуенімен тербелген серілерге теңеуге болар еді. Таушымылдық түріндегі желпуіш ұстаған қыздардың орындауындағы корей биі көрермен жүрегінен орын таба білді. Концерттің соңыңда стратегиялық даму жөніндегі проректор Е.Ж.Сармурзин университет ректоры Н.О. Дулатбековтің атынан ҚР еңбек сіңірген қайраткері, хореография факультетінің профессоры А.Т. Алишеваға Академия ректоры Б.Н. Нүсіпжанованың атына қазақ өнерінің мәдени дамуы мен танымал болуына қосқан үлесі үшін алғыс хат табыс етті.