Қарағанды Бөкетов университеті еліміздің ең үздік төрт университеттің бірі: 15000-ға жуық білім алушылар, оның жартысына жуығы мемлекеттік грант иегерлері, 1500-ге жуық қызметкерлер, 800-ге таман оқытушы-профессорлар – 4/1 бөлігі ҚР «Үздік оқытушылары». Осылармен бірге 200-ге жуық білім бағдарламасымен білім беру нарығында 80 жылдан астам уақыт қызмет етіп жатқан оқу ордасының 1 басқарма басшысы мен 3 оқытушысы бар арнайы өкілдері 2022 жылдың 14-17 наурыз аралықтарында Қызылорда өңіріне келіп, елді мекендердің орта білім беру мекемелерінде «Серпін» мемлекеттік бағдарламасы аясында жоғарғы оқуға түсу мүмкіндіктеріне қатысты кәсіптік бағдардағы жұмысты жүргізді.
Осы ауқымды жұмысқа университеттің оқытушысы, бір студентінен құралған арнайы топ үш жұмыс күн ішінде Қызылорда облысының 7 ауданының Жаңақорған, Шиелі, Сырдария, Жалағаш, Қармақшы, Қазалы 6 аудан орталықтарында, елді мекендерінінің 30 мектебінде 995 оқушылар мен 1 колледжінде 200-ге жуық түлектерімен кәсіптік бағдар жұмысын жүргізген.
Аталған кездесулерде жалпы «Серпін» бағдарламасы бойынша оқуға түсудің ережелері мен алғы шарттары, басымдықтары турасында толыққанды түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, Buketov University оқу ордасында білім алудың артықшылықтары және ерекшеліктері бойынша бейнероликтер, презентациялық материалдар көрсетіліп, Қызылорда аймағында жалпы университеттің танымалдылығын арттыруға себеп болатын Karaganda Buketov University логотипімен имидждік өнімдері, университеттің әдебиеттері, басылымдық журналдары таратылып, оқушыларға тартымды болып саналатын басқа да шаралар атқарылды.
Өңірде осындай кездесулерді ұйымдастырып, өткізуге қолдау көрсеткен Қызылорда облыстық білім басқармасы мен аудандық білім бөлім басшылары, мамандарының және мектептердегі жауапты мұғалімдердің еңбектері аталынып, Buketov University басқарма жетекшілері атынан Алғыс хаттар табысталынды.
Сонымен қатар, болашағынан үміт күттіретін Қызылорда облысы мектеп түлектерінің сапалы білім алуына жағдай жасайтын, негізін қалыптастыратын осындай ауқымды шараларды білім саласындағы өңір басшылығының демеуімен Buketov University тарапынан үздіксіз жалғастыру бойынша екі жақты келісімдіктер орнады.
Karaganda Buketov University
Маркетинг және рекрутинг басқармасы
04.04.2022ж.