ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ

ҚЫСТЫҢ ҚАМЫН ЖАЗ ОЙЛА

Жаздың аптап ыстығына қарамастан, Бөкетов университеті маңызды жайттарды назардан тыс қалдырмай, қысқы кезеңге белсенді дайындалуда Бүгін университет басшылығы жұмыс кеңесін өткізіп, қыс мезгіліне дайындыққа қатысты өзекті тақырыптарды талқыға салды. Оқу ғимараттарын қалалық орталықтандырылған жылыту жүйесіне қосу аса маңызды мәселе болды.

Бүгінгі таңда Қарағанды облысының әкімдігі, «Теплотранзит» ЖШС қолдауымен №7, №8, №9 оқу корпустарын және «Университет» кафесін ұзындығы 1000 м-ден асатын орталық жылыту жүйесіне қосу үшін техникалық шарттар алынды.

Анықтама үшін: қалалық орталықтандырылған жылу жүйесіне 2021 жылы №7 жатақхана, 2022 жылы №6 оқу корпусы, гараждар мен зертханалар, 2023 жылы №5 және №6 Студенттер үйі қосылды.

Инфрақұрылымды уақтылы дайындау білім алушыларға, ОПҚ және қызметкерлерге аязды күндерде де оқу және жұмыс үй-жайларында жайлы уақыт өткізуге мүмкіндік береді.