Жаһандық мақсаттардан – нақты әрекеттерге дейін
Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің Қосымша білім беру факультеті мен Философия және психология факультеті Тұрақты даму бағдарламасы аясында 2025 жылғы 15–16 сәуір күндері «Тұрақты даму: жаһандық мақсаттардан – нақты әрекеттерге» атты семинар өткізді.Семинар бағдарламасы аясында қатысушылар университет тұрақты дамудың белсенді қатысушысы бола алатыны және солай болуы керектігі туралы ой қозғады. Гендерлік теңдік жай ғана уақытша үрдіс емес, тұрақты өзгерістердің іргетасы екені ерекше атап өтілді.Сондай-ақ, тұрақты даму үдерістерінің философиялық негіздері мен университеттің дамуына тұрақтылық әкелетін жолдарды іздеудегі басқарушылар мен оқытушылардың жауапкершілігі туралы маңызды ойлар ортаға салынды.Қатысушылар семинар спикерлерінің жоғары кәсіби деңгейін ерекше атап өтті:А. Асубаева (Назарбаев Университеті) тұрақты даму мақсаттарына жүйелік көзқарасты терең әрі жан-жақты ашып берді; Т.А. Резвушкина гендерлік мәселелердегі саларалық байланыстарға тоқталды; А.Д. Макатова мен М.Н. Жұмагелдинов жергілікті деңгейдегі әрекеттердің мәні мен контексін нақты мысалдар арқылы көрсетті.Семинар университет қауымдастығы арасында тұрақты дамудың негізгі аспектілерін тереңірек түсінуге ықпал етіп, университетте Тұрақты даму мақсаттарын іске асыруға бағытталған бастамаларды әзірлеуде маңызды қадам болмақ.