Бүгін далада үскірік аяз. Термометр бағанасы -31 градусты көрсетіп тұр, ал биология-география факультетінің термос жылыжайында жылу температурасы +22 градус. Былтыр университет басшылығы сонау Нидерланды елінен әкелген Tulipa Stresa және Tulipa Night Club голландиялық қызғалдақтардың тұқымы құнарлы топырақпен толтырылған гүл құмыраларында өсіп жатыр. Айта кетейік, университеттің өз қаражаты есебінен салынған термос жылыжайы өткен жылдың қазан айында пайдалануға берілді. 8 наурыз -- Халықаралық әйелдер күні қарсаңында университеттің нәзік жандыларына ер азаматтар биология-география факультеті студенттері өсірген қызыл және қызыл-сары қызғалдақтарды сыйға тартады.