Қарағанды Бөкетов университетінің биология-география факультетінде «Ұлы даланың жеті қыры» атты гүлдер фестивалі болып өтті. Шара барысында ректор Н.О. Дулатбеков құттықтау сөз сөйлеп, профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлерді оқу орнының зерттеу университеті мәртебесін алуымен құттықтады, сондай-ақ бұл іс-шара қатысушыларға көктемнің жылуы мен қуанышты өзгерістердің жақындағанын сезінуге мүмкіндік бергенін атап өтті. Дарынды студенттердің қолымен жасалған түрлі композициялар мен гүл шоқтары әр алуан техникада орындалып, осының арқасында әр жұмыс креативтілігімен және даралығымен ерекшеленеді. Кейбіреулері шынайы әрі табиғи образ жасау үшін гүл шоқтарына жапырақтар мен бұтақтарды қосқан. Енді біреулері композицияға талғампаздық пен сән беру үшін таспаларды, маталарды, акварель бояуларын қолданғанды жөн санаған. Фестиваль білім алушыларға шығармашылық әлеуетті дамытудың маңыздылығын арттыратын тамаша мүмкіндік сыйлады.