2023 жылғы 27-28 сәуірде Астана қаласында Студенттік кәсіпкерліктің, инновациялардың және стартаптарының Enactus Kazakhstan National EXPO 2023 Ұлттық жарыстары өтті, онда Enactus Buketov University командасы Қазақстанның 50 жоғары оқу орындарының командалары арасында 1 жүлделі орынға ие болып, ҰЛТТЫҚ ЧЕМПИОНДАР атағын алды!
Ұлттық жарыстардың жеңімпазы атанған Enactus Buketov University командасы Нидерландыдағы Утрехт қаласында өтетін Enactus World Cup 2023 әлемдік кубогында Қазақстанның атынан қатысады!
Бұл Enactus Buketov University өзінің табысына сеніп, тәжірибе жинақтап, шеберлігін шыңдап, жаңа ізбасарларын қатарына қосып, түлектерімен (Alumni) мақтана отырып, ұзақ 13 жыл бойы табандылық пен ынта-жігермен жеткен көптен күткен жеңіс!
Команданың академиялық эдвайзерлері - Жартай Жанибек Маратұлы-экономика және халықаралық бизнес кафедрасының меңгерушісі, Никкель Лейла Джаваншировна - экономика және халықаралық бизнес кафедрасының оқытушысы және команда түлегі.
Enactus Қазақстан ұлттық кеңсесіне құнды тәжірибесі үшін алғыс айтамыз!