Ғылым қай уақытта да экономиканы қайта құрудың қуатты ресурсы, ұлттық байлықтың ең маңызды құрамдас бөлігі, техникалық прогрестің қозғаушы күші болғаны белгілі. Ғылыми жаңалықтар, шығармашылық бастама, интеллектуалдық белсенділік Қазақстан мен қоғамның гүлденуінің негізі. Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды зерттеу университеті облысымыздың және еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына зор үлес қосып келеді. Бүгінгі таңда зерттеушілеріміздің әзірлемелері әлеуметтік, гуманитарлық, жаратылыстану, психологиялық, педагогикалық, экономикалық ғылым салаларында үлкен сұранысқа ие. Ғылыми саладағы халықаралық ынтымақтастық кеңейіп келеді. Жас ғалымдардың жетістіктерін мақтанышпен айтуға болады. Ұрпақтар арасындағы тығыз шығармашылық байланыс, іргелі және қолданбалы ғылымның өркендеуі, қоғам үшін маңызды мәселелерді шешуге деген ұмтылыс — осының бәрі университеттің ғылыми дәстүрін қалыптастырды. Біздің әлеуетіміз жаңа ғылыми мәселелерді шешуді мақсат етіп, оны табысты жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Ғылымға деген адалдықтарыңызға, таусылмайтын ізденістеріңізге және университеттегі зерттеу дәстүрін сақтау жолындағы еңбектеріңізге шынайы алғысымды білдіремін. Сіздерге және жақындарыңызға зор денсаулық, жақсылық, амандық тілеймін! Алда бағындырар жаңа жеңістер, жаңалықтар мен табысты жобалар көп болсын! Құрметпен, академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің ректоры Н. Дулатбеков.