ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ

Құрметті достар!

Біздің университетте университетішілік ғылыми гранттарды жүзеге асырудың оң тәжірибесі бар. Университеттің қаражатты бөлудегі мақсаты – университет ғалымдарының халықаралық жарияланым әлеуетіне, инновацияның, жаңашылдық пен өзектіліктің жоғары дәрежесіне ие перспективалық ғылыми зерттеулерін қолдау. 2022 жылы жалпы сомасы 51,1 млн.теңгеге 20 жоба (оның ішінде 5 жас ғалымдар жобасы) қаржыландырылды. Жұмыстың нәтижесінде жобаға қатысушылар 6 монография мен жинақ, 3 оқу құралын басып шығарды, 103 мақала, оның ішінде Scopus және Web of Science журналдарында 12 мақала жариялады, өнертабысқа патент пен авторлық куәлік алды, ғылыми және ғылыми-техникалық жобаларды гранттық қаржыландыру конкурсына 9 өтінім берілді, оның ішінде 6 жобаны Ұлттық ғылыми кеңес қаржыландыруға ұсынды. Ең ірі кітап шығаратын мекемелердің бірі - «Macmillan» баспасында (https://link.springer.com) ағылшын тілінде «Орталық Қазақстандағы 1931–1933 жылдардағы ашаршылық: архивтік құжаттар мен естеліктер жинағы» кітабын жарық көрді. Биыл 18 жобаны, оның ішінде жас ғалымдардың 6 жобасын жүзеге асыру үшін жалпы сомасы 60 млн. теңгеге грант бөлінді. Конкурстық іріктеуді ғалымдардың өздері университеттегі «Ғалымдар клубы» және «Жас ғалымдар кеңесі» қоғамдық бірлестіктері арқылы жүзеге асырады. Толығырақ ғалымдарымыздың зерттеулерінің нәтижелері «Идеядан жүзеге асыруға дейін» (ред. Н.О. Дулатбеков, Қарағанды, 2023) материалдар жинағында берілген.