ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ

ПЕДАГОГИКА ФАКУЛЬТЕТІНДЕГІ ДЕФЕКТОЛОГ КҮНІ

Педагогика факультетінде арнайы және инклюзивті білім беру кафедрасы болашақ арнайы оқытушылар мен педагогикалық ұжымның дәстүрлі мерекесіне айналған Дефектолог күніне арналған іс-шара өткізді. Жыл сайын бұл мереке студенттердің бастамалары бойынша әртүрлі форматта өтеді. Биыл студенттер голливудтық стильді таңдады, ол студенттердің болашақ мамандығына деген сүйіспеншілігін оятуға, арнайы және инклюзивті саладағы жұмыс ерекшеліктеріне тұрақты қызығушылықты қалыптастырып, өз білімдері мен дағдыларын, шығармашылық қабілеттерін көрсетуге бағытталған іс-шараға ерекше көңіл-күй сыйлады. Өйткені әр мұғалім балаларды оқу-тәрбие және түзету-дамыту процесіне тарту үшін әртіс, сценарий жазушы, суретші және басқа да көптеген кәсіп иесі бола білуі керек. Студенттер «Үздік бейне», «Үздік таныстырылым», «Зияткерлік команда», «Креативті команда» және «Ерекше тағам» байқауларында өздерін жан-жақты көрсетіп, мамандықтарына қатысты ерекше көріністер ұсынды. Бұл бейнежазбалар, театрландырылған қойылымдар, ымдау тілінде ән айту, теориялық блиц-сауалнама, билер мен тіпті сиқырлы трюктар болды. Гран-при СП-23-1к тобының командасына берілді, 1 орынды СП-23-2к тобының командасы иеленді 2 орын СП-22-2р тобына бұйырды, 3 орынға СП-22-1к тобы ие болды. Номинацияларға қосымша демеушілердің атынан сыйлықтар мен сертификаттар табысталды.