ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ

Ә. Науаи атындағы Ташкент мемлекеттік өзбек тілі мен әдебиеті университетімен келісім-шартқа қол қойылды

Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті мен Ә. Науаи атындағы Ташкент мемлекеттік өзбек тілі мен әдебиеті университетімен келісім-шартқа қол қойылды. Осы келісімге сәйкес 2022 жылдың 11 қарашасында Ә. Науаи атындағы Ташкент мемлекеттік өзбек тілі мен әдебиеті университеті Әлеуметтік-гуманитарлық кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы біздің университетімізге, сонымен қатар «Философия және психология» факультетіне келді.

Өзбек әріптестерімізді «Философия және психология» факультетінің кафедраларымен танысты, сонымен қатар оларды психология, педагогика, әлеуметтік жұмыс, философия, саясаттану және әлеуметтану салаларындағы мамандарды даярлау тәжірибесі қызықтырды. Қонақтарға «Философия және психология» факультеті, факультеттің кафедралары, сондай-ақ Қазақстандағы діни ахуалды кешенді зерттеудің ғылыми-зерттеу зертханасы таныстырылды.

Олар Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің ректоры, профессор Нұрлан Дулатбековтың қабылдауында университеттеріміз арасындағы ынтымақтастықтың алдағы жоспарларын талқылады. Алдағы уақытта академиялық ұтқырлық, өзара тәжірибе алмасу, бірлескен халықаралық ғылыми конференция өткізу туралы келісілді.

Сонымен қатар Ташкенттік әріптестеріміз «Философия және психология» факультетінің оқытушылары мен студенттеріне әдістемелік семинарлар мен лекциялар өткізді.