ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ

City Nature Challenge 2024: Karaganda

iNaturalist- бұл бүкіл әлем бойынша жануарларды, өсімдіктерді және саңырауқұлақтарды бақылауға арналған сарапшылар мен табиғат әуесқойларының әлеуметтік желісі. Кез-келген адам тіркеліп, өзінің бақылағандарын фото немесе аудио түрінде жүктей алатын және осылайша табиғатты зерттеуге үлесін қоса алады. Жыл сайын сәуірдің аяғы мен мамырдың басында iNaturalist платформасында барлық әлемдегі қалалар арасында жарыс - City Nature Challenge өтеді, аз уақыт ішінде мүмкіндігінше көп зерттеулерді жинақтаушы. Жыл сайын турнирге қатысушы қалалардың саны артып келеді. City Nature Challenge 2024-ке әлемнің түкпір-түкпірінен 700-ден астам қаланың тұрғындары қатысады. 26-29 сәуір аралығында төрт күн ішінде қатысушылар өз қалаларында өсімдіктерді, саңырауқұлақтарды және жануарларды суретке түсіреді. 5 мамырға дейін бұл бақылаулардың барлығы iNaturalist-ке жүктелуі керек. 6 мамырда Халықаралық қазылар алқасы қорытынды шығарып, ең көп байқаулар жинаған қала мен қатысушыларды жеңімпаз деп жариялайды. Қарағанды қаласы, Қазақстан қалаларының ішінде бірінші болып City Nature Challenge 2024 қатысушы. Турнирдің ұйымдастырушысы Академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің биология-география факультеті болып табылады. Факультетаралық жарыс ұйымдастырылды. Жарыс Қарағанды мен оның маңындағы - Майқұдық, Пришахтинск, Теміртау, Шахтинск аумақтарын, сондай-ақ Ғабиден Мұстафин, Жұмабек, Ботақара, Үштөбе, Көшоқы кенттерінің жақын маңдағы аумақтарын қамтыды. City Nature Challenge-ге қатысу дегеніміз әр адамның бізді аймағымыздың табиғатын зерттеуге үлес қоса алатын мүмкіндігі. Қосылыңыз! Мүмкін сіз Қарағанды облысында сирек кездесетін немесе бұрын белгісіз болған өсімдіктің түрін таба аласыз! Қатысу үшін сайт арқылы iNaturalist-ке тіркеліңіз https://www.inaturalist.org/signup немесе iNaturalist қосымшасын смартфонға жүктеп, тіркеуден өтіңіз. QR коды арқылы City Nature Challenge 2024: Karaganda жобасына қосылыңыз.

Қазақ немесе орыс тілдерінде "City Nature Challenge 2024: Karaganda-ға қалай қатысуға болады?" деген бейне нұсқаулықтарды қараңыз. 26-29 сәуір аралығында бақылауларды жасаңыз және 5 мамырға дейін оларды iNaturalist-ке жүктеңіз.

KAZ

RUS

https://www.youtube.com/watch?v=YODlhzZq2pU&t=5s

https://www.youtube.com/watch?v=Jv_hAfNnSaA&t=44s

Егер сізде сұрақтар туындаса, сіз біздің топтан көмек сұрай аласыз:

Telegram https://t.me/+XUeUFi6hxelmZjgy

ӨҢІРІМІЗДІҢ БИОАЛУАНДЫЛЫҒЫН БІРГЕ зерттейік!

ФОТО ЗЕРТТЕУіңіз СӘТТІ өтсін!!!