ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ

«Халықаралық қатынастар жүйесіндегі Орталық Азия» тақырыбындағы дәрістер топтамасы

Академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің тарих факультетінде 2024 жылғы 21 ақпан мен 31 наурыз аралығында «Халықаралық қатынастар жүйесіндегі Орталық Азия» тақырыбында дәрістер циклі оқылды. Дәріс оқыған-тарих ғылымдарының докторы, профессор, М.В. Ломоносов атындағы ММУ Азия және Африка елдері институтының Орталық Азия және Кавказ елдері кафедрасының меңгерушісі Сыздықова Жібек Сапарбекқызы.

Дәрістер онлайн форматта өтті. Жібек Сапарбекқызы қазіргі заманғы дереккөздерге сүйене отырып, тыңдаушыларды Орталық Азия елдеріндегі әлеуметтік-экономикалық, саяси және мәдени процестермен таныстырды. Аймақтағы геосаяси ойыншылардың бәсекелестігі шеңберіндегі қауіпсіздік мәселелері қозғалды.

Тарих факультетінің оқытушылары, докторанттары, магистранттары мен студенттері дәрістерді үлкен қызығушылықпен тыңдап, дәріс материалының жоғары ғылыми деңгейін, ақпараттылығын, қолжетімділігі мен өзектілігін атап өтті. Дәрістердің мазмұны тарих факультетінің білім беру бағдарламаларының мақсаттарымен тығыз байланысты және практикалық бағытта болды. Дәріс курсының тыңдаушылары өз тақырыптық сұрақтарына білікті жауаптар алуға мүмкіндік алды.

Тарих факультетінің профессор-оқытушылар құрамы мен білім алушылары тарих ғылымдарының докторы, профессор Жібек Сапарбекқызы Сыздықоваға кәсіби дәрістер өткізгені үшін шын жүректен алғыстарын білдіреді. Болашақ жемісті ынтымақтастыққа үміттенеміз.