Низами атындағы Ташкент мемлекеттік педагогикалық университетінде Қазақстанның Өзбекстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Б.Атамқұлов пен ТГПУ ректоры А.Қырғызбаевтың қатысуымен Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті кітапханасының кітаптарын тапсыру рәсімі өтті.
Іс-шара барысында Бөкетов университеті атынан Қазақстанның Өзбекстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі 150-ден астам атаудан тұратын, сондай-ақ классикалық және заманауи әдебиеттерді, тарихи еңбектер мен энциклопедиялардан тұратын кітаптар партиясын тапсырды. Өз кезегінде ректор А.Қырғызбаев мырза үлкен алғысын білдіріп, бұл кітаптардың барлығы қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының дамуына зор үлес қосатынын атап өтті.
Низами атындағы Ташкент мемлекеттік педагогикалық институты 1935 жылы 14 қыркүйекте құрылды, 1998 жылы университет мәртебесі берілді. 1972 жылдың мамыр айынан бастап ТМПУ филология факультетінің құрамында Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы жұмыс істейді.