ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ

Педагогикалық шеберлікті дамыту орталығы

2022 жылдың 23 маусымында Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің Педагогикалық шеберлікті дамыту орталығы «Қашықтықтан оқытудың платформасы мен сервисі» тақырыбына вебинар ұйымдастырып, өткізді. Іс-шараның спикері қолданбалы математика және информатика кафедрасының аға оқытушысы Карелхан Нуржанар болды.
Вебинарға қатысушылар Е-Learning оқу үрдісін ұйымдастырудағы халықаралық стандарттар мен принциптерін қолдайтын, барлық заманауи талаптарға сәйкес келетін, электронды және қашықтықтан оқыту туралы мәліметтер алды.
Қазіргі таңда E-learning электронды білім беру көп елдердің білім жүйесіне қарқынды еңгізіліп отырған оқытудың озық формаларының бірі болып келе жатыр. Қазақстан Республикасында электронды оқыту білім жүйесінің инновациялық дамуының басты бағыттарының бірі болып есептеледі. Әлемдік тәжірибелердің көрсеткіштері бойынша е-learning жүйесі білім беруді модернизациялаудың басты құралдарының бірі екендігін айқындайды. Электронды білім беру кең ауқымды жобасының жүзеге асуы Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінің ақпараттандыру мақсатына үлкен жол ашпақ. Вебинардың барысында қатысушылар қашықтықтан оқытудың платформасы мен сервисін пайдаланудың мүмкіндіктерін талқылады.