28-29 наурыз аралығында Қарағанды Бөкетов университетінде «Бөкетов оқулары-2024» магистранттар мен студенттердің аймақтық ғылыми – практикалық конференциясы өтті. Конференцияның мақсаты – жаратылыстану, гуманитарлық, педагогикалық және әлеуметтік ғылымдардың өзекті мәселелерін талқыға салу. Конференция бес секция бойынша жұмыстарды қабылдап, қатысушылар төмендегі номанациялар бойынша өзара бақ сынасты: «Жаратылыстану саласының өзекті мәселелері», «Гуманитарлық ғылымдардың өзекті мәселелері», «Әлеуметтану-педагогикалық ғылымдардың өзекті мәселелері» және «Экономика мен құқықтың өзекті мәселелері». Баяндама жасаған студенттер мен магистранттар I,II,III дәрежелі дипломмен марапатталды. Конференция жеңімпаздары мен қатысушыларына ғылыми қызметте табыс, жасампаз идеялар, ғылым мен білімге қызмет ету жолында сәттілік тілейміз!